Дүржановтар династиясының өкілі
Жаңалықтар
16.01.2018, 14:25
Темірдей тәртіпті талап ететін саланың сенімді күші – кәсіби білікті мамандар. Өз ісінің шеберлері сала жетістігін арттырып, дамытуда күш салып келеді. Бұған тек теміржол саласында кең қанат жайған династия дәстүрі өз ықпалын тигізуде.
Атырау теміржолшылары арасында Дүржановтар династиясы кеңінен таныс. Әулет басшысы Жұбаныш Дүржановтың отбасындағы тоғыз баланың сегізі бүгінде ата-ана жолын жалғастыруда. Солардың бірі, Алмажай Жұбанышқызы «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалы – Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Атырау жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім басшысы болып қызмет етуде. Өткен жылы бір салада 30 жылдан астам еңбек еткен сала маманы өндіріске енгізген тиімді жобалары үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.
Алмажай қызметін 1983 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Гурьев жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастапты. Бір жылдан соң мекеменің жолдамасымен Алматы көлік инженерлері институтына оқуға түсіп, бес жылдан соң туған қаласына қайта оралып, жұмысын Гурьев жол дистанциясында техник-технолог болып жалғастырады, бірнеше жылдан соң инженер-технолог болып ауысады. Ал 1997 жылдан бері Атырау жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім басшысы болып қызмет етуде. Осы жылдар ішінде өзінің жоғары білікті басшы және шебер ұйымдастырушы екенін дәлеледей білген Алмажай Дүржанова өзге әріптестерінен несімен ерекшеленеді десек, ол жол шаруашылығына енгізілген «Oliver Wyman» компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін басқару және жол инфрақұрылымдарын пайдаланудың жаңа жүйесін өндіріске тиімді енгізуге елеулі үлес қосқан маман ретінде бағаланады. Нәтижесінде жаңа жүйенің арқасында 2128 түйіспе жойылып, соған байланысты рельс ақаулылықтары азайды, жолдың түзулігінің 4,5 дәрежедегі кемшіліктері, жолдың отыруы, жолдың қиғаштығы, пойыз жүрісінің жатықтығы жақсарды, жолдың үстіңгі құрылымының материалдары бұрынғыдай емес жақсы сақталатын болды.
Бұдан өзге Алмажай Жұбанышқызы бірталай рационализаторлық ұсыныстардың авторы болып табылады. Айталық, оның «Рельс температурасын өлшеу стенді», «Отын шпалдарынан жасалған құм басу және қар басу құрылғысы», «Бағыттама бұрманы қолмен бекітетін құрылғы», «Уақытша сигнал қалқанын бекітуге арналған құрылғы», «Рельс бекітуге арналған құрылғы», «Жалауы бар ішпек», «Локомотив аялдайтын жерлерде геотекстиль төсеу» секілді рациоанализаторлық ұсыныстары өндіріске енгізіліп, авторлық сыйақыға ұсынылды. Ал «ҚТЖ»ҰК»АҚ ғылыми-техникалық ақпараттар және сараптама орталығы оны «Белсенді рациоанализаторлық еңбегі үшін» Құрмет грамотасымен марапаттады.
–Алмажай Жұбанышқызының еңбекқорлығы кімді болса да тәнті етпей қоймайды. Отыз жылда өзі ғана өсіп қойған жоқ, бай білімі мен тәжірибесін дистанция жұмысын ілгері бастыруға жұмсады. Қанша жас маманды тәрбиелеп шығарды. Сол жас буынды теміржол саласында қызмет етуге ынталандырып, олардың білікті маман болып қалыптасуына еңбегі сіңді. Бүгінде жол дистанциясында Алмажайдың тәжірибесі, тиімді өнертапқыштық ұсыныстары кең қолданыста. Осы еңбегінің арқасында 2004 жылы «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталса, өткен жылы «Құрметті теміржолшы» белгісін алып, біздің ғана емес, бүкіл Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ғана емес, дүйім Атырау теміржол бөлімшесінің мерейін үстем етті,– дейді Атырау жол дистанциясы басшысы Аманқос Жылқыбаев.
«Еңбек – ер атандырады» деген рас сөз. Әулет кәсібіне адалдығы, өз мамандығына сүйіспеншілігі осынау нәзік болмысты әйел затын жігіттің жігітіне сын жол шаруашылығының жұмысын ұршықтай үйіріп қана қоймай, дараланып танылуына ықпал еткені анық. Ер азаматтан несі
Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды