Торқалы тоқсан жаста

Жаңалықтар
16.01.2018, 14:33
Оқуға 2 мин
Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жасы жүзге аяқ басқан ардагер теміржолшылардың бір шоғыры бар. Сондай қазыналы қарттың бірі, 16 жасында теміржолға  келіп, салаға ғұмырының 44 жылын арнаған қадірменді қария Әнуарбек Әбділдаұлы жуырда торқалы тоқсан жасқа толды. Ақсақалды өзі зейнеткерлікке шыққан Семей белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Бейбіт Түменғали мен осы мекеменің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, Түрксіб-Семей мұражайының директоры Мақсұт Көшжанов әріптестерінің атынан арнайы барып құттықтады.   Әнуарбек Меденов 1928 жылдың төлі. Іргесін теміржолшылар қалаған Шар қаласында өмірге келіп, алғашқы еңбек жолын да осы шаһарда, шойынжол саласынан бастапты. Тұңғыш рет 1944 жылы сәуір айында 16 жасында жұмысқа қабылданады. Өрімдей бозбала жүк пойызының тексеруші-контролері болып, соғысқа аттанған теміржолшылардың орнын басқан. Сол бір естен кетпес суық жылдар естелігі жайында сыр өрбіткен қария бүгінгі таңдағы теміржол саласының жетістігіне дән разы. Жасы тоқсанға келсе де санасы сергек,  көзі өткір қарт телеарна жаңалықтарын қалт жібермейді екен. Өзін құттықтай келген әріптестерін қуана қарсы алып, амандық сұрасып, әңгіме өрбітті.   –Теміржол саласында еңбек етіп жүргенімде естен кетпес үш жағдай болды. Үшеуінде де пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтап, жойқын апаттардың алдын алдым. Екі мәрте морт сынған рельс ақауын анықтап, басшылықтан алғыс алдым. Бір рет жылжымалы құрамнан ағытылып қалған вагондарды алыстан жазбай танып, дер кезінде ақаулықты қалпына келтірдік, – дейді қария өткен күндерден сыр шертіп. Әңгімешіл ақсақал өзі бірге қызмет атқарған басшылар мен әріптестері, байырғы мекеме жетістігі жайында да тұщымды әңгіме өрбітті. Қарт теміржолшы кейіннен №6 жол айрығында механик, монтер болып еселі еңбек етіп, аймақ теміржолының өркендеуіне елеулі үлес қосқан, өңірі медальдарға толы. Қазіргі күнде денсаулығы мығым, қимылы ширақ ақсақал өзінің жолын жалғастырып, теміржолдың жол шаруашылығында жиырма жылдан астам еңбек етіп келе жатқан  немересі Русланның қолында бақуатты өмір сүріп жатыр. Ұрпаққа тілекші. Өз кезектерінде қарияны 90 жасымен құттықтап жылы лебіз білдірген Бейбіт Түменғали мен ақсақалдың замандасы Мақсұт Көшжанов мерекелік сыйлық тарту етіп, абыз қарияның иығына шапан жапты.

Қуаныш Қожаев, Семей   

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды