Машина құрастырудың толыққанды кластері

Жаңалықтар
19.01.2018, 18:37
Оқуға 3 мин
Қазақстанда индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде темір жол көлігі машина құрастыру ісінің толыққанды кластері құрылды деп сеніммен айтуға болады. «General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» сынды машина құрастыру ісінің әлемдік көшбасшыларымен серіктестікте инновациялық технологиялар трансфертін қоса алғанда қазіргі заманғы жылжымалы құрам өндірісі ұйымдастырылды. Қазақстандық кәсіпорындарда жүк және жолаушылар тепловоздары, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, жолдың жоғары төсемдеріне арналған материалдар, атап айтқанда, рельстер, бағыттама бұрмалары, айқастырмалар, темір бетон брустары, шпалдар, рельс бекітпелері, жөндеу жиынтықтары т.б.  шығарылады. Еске сала кетсек, тәуелсіздік алған жылдары 309 тепловоз, 68 электровоз, 614 жолаушылар вагоны, 8000 жүк вагоны және 200 мың тоннадан көп рельс сынды отандық өнім шығарылған. Өз кезегінде, бұл темір жол өнімдерінің жаңа отандық өндірісін, қосалқы бөлшектер, толықтырушы, тораптар және жылжымалы құрамға арналған құралдарды дамытуға негіз болды. Отандық темір жол машина құрастыру ісінің кластеріне қосалқы бөлшектер, материалдар, толықтырушы өнімдер өндірісі бойынша 189 шағын және орта бизнестің кәсіпорыны жатады. 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, 5120 аталымда теміржол өнімдері игерілген. Шығарылған өнімдердегі қазақстандық үлестің көлемі 30%-дан 50%-ға дейінгі аралықта. Бүгінгі таңда кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің қатарын ұлғайту және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2016 жылы «Тұлпар-Тальго» ЖШС кең шанақты жолаушылар вагондарын өндіруге кірісіп, сол арқылы жолаушылар үшін әлдеқайда жайлы жағдайды қамтамасыз етті. Төрт құрам сертификациялық сынақтан өтіп, қазірден-ақ сұранысқа ие бағыттарда қатынауда, соның ішінде бір құрам Алматы – Ташкент халықаралық бағытында жүріп тұр. Бұған қоса инновациялық жылжымалы құрам өндірісі басталды: мысалы, ашық вагондар, астық таситын вагондар, фитинг платформалар, бұларда жүк көтерімділігі 20 пайызға арттырылған, фитинг платформалар сыйымдылығы 2 есе артқан. ТЭП-33А сериялы жолаушылар тепловозы және KZ4AT сериялы жолаушылар электровозының өндірісі басталды. Ұзындығы 120 метрлік ыстыққа бейімделген рельс шығару игерілді, бұл өндіріс бұрын ТМД елдерінде жоқ еді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру үшін ірі темір жол құрастыру кәсіпорындарына өнімдерін экспорттау үшін қолдау білдіруде белсенді жұмыстар жүргізуде.Темір жол өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 млрд-тан астам АҚШ доллары көлемінде бағаланады, ал нарық географиясы шамамен 18 елді қамтиды. Бүгінде Еуразиялық құрлық елдері нарығына 100 млн-нан астам АҚШ доллары тұратын қазақстандық өнім қойылған. Мысалы, тепловоздар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Украинаға, барлығы 23 бірлігі экспортталған. Сол сияқты Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина, Грузия елдеріне 15,8 мың тонна рельс жіберілсе,  1200 бағыттамалы бұрма 816 дөңгелек бандажы  Әзербайжанға жөнелтілген. 

Ұлан ОРАЗ, Астана

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды