«Зияткерлік көлік жүйесі» құрыла ма?
Жаңалықтар
19.01.2018, 18:40
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қозғалыс саласына қатысты айтылған мәселеге ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек тоқталды.
–Елбасы Жолдауында халық тұрмысының барлық салаларын, соның ішінде Қазақстанның көлік саласын цифрландыру мәселелеріне айрықша мән берді. Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Цифрлы Қазақстан» мемлекетік бағдарламасы аясында «Зияткерлік көлік жүйесін» құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр (ITS). ITS мақсаты – көлік процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын, көлік құрылғыларын және пайдаланушыларды заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жүйелік ықпалдастыру. Тұжырымдамада ITS құрамына 11 компонент кіретін болады. Соның бірі, негізгі автомобиль дәліздерінде орнатылатын арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары (ААӨҚ) –дейді министрліктің ресми парақшасында Жеңіс Қасымбек.
Аталған құрылғы қозғалыстағы көліктерді түйіспесіз өлшеп, негізсіз тоқтатуларды алып тастамақ. Биыл ААӨҚ-ның 10 бірлігі іске қосылмақ, ал 2020 жылға қарай олардың санын 46 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, жолдағы ахуал жайында жүргізушілерді ақпараттандыруға мүмкіндік беретін жол қозғалысымен басқару жүйесі, автожолдар бойында метеостанция желісі арқылы жүзеге асырылатын климаттық жағдайларды болжау және талдау жүйесі, бейне-мониторинг және жол жүру ережесін бұзуды анықтауға арналған арнайы бейне камералар желісі, республикалық автожолдар торын күтіп-ұстауға кететін шығындарды жабатын ақылы автожол жүйелері, т.б енгізілмек. Олар кезең-кезеңімен 2021 жылға дейін енгізілетін болады. Министрдің айтуынша, жобаның жүзеге асырылуы жолдағы адам өлімін қысқартуға, транзиттік тасымал көлемі мен логистикалық қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға, негізгі автодәліздерді толығымен өлшеу құралдарымен қамтуға және де жолдарда жүргізушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Австралияда, Еуропада және АҚШ-та жұмыс жасауда екен.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды