Алматы-1 – Шу телімі: транзиттік жүк ағымы кеңейтуді қажет етеді

Жаңалықтар
29.07.2016, 10:28

IMG_4260

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан «Алматы-1 – Шу теліміндегі екінші жолдар құрылысы» жобасы Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін айтарлықтай көтерері анық. Сол себепті оған аса мән беріліп, барынша жоғары көңіл бөлінуде. Ұлттық компания президенті Асқар Мамин 27 шілде күні осы телімде болып, нысанның құрылыс барысымен танысты және басшылармен жиналыс өткізді.  «Елбасымыз Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту туралы тапсырма бергені мәлім. Алматы-1 – Шу телімі шығыстан батысқа қарай жүктер ағылатын көлік дәлізінің қақ ортасында жатыр. Оның үстіне тек қана Қытайдан ғана емес, барлық Азия елдерінен – Жапония, Оңтүстік Корея, Филиппиннен келетін жүктер ағыны. Транзиттік бағдардың бұл жіңішке жолын кеңейтіп, жылдам артып келе жатқан жүктер ағынын өткізуге мүмкіндік жасау қажет. Сол үшін біз осындай жұмыстар жүргізудеміз», – деп атап өтті Асқар Мамин жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар кестесін орындаудағы мәселелерді құрылысшылармен талқылау барысында.  Қазақстан аумағы арқылы Азиядан Еуропаға, Ресей, Кавказ елдеріне, Парсы шығанағына, Түркияға бағытталған транзиттік жүк ағымы артып келеді. Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға өтетін транзиттік пойыздар көлемі жыл сайын 2,5 есеге ұлғайып отыр. 2011 жылы Азиядан Еуропаға Транссібір арқылы контейнерлік тасымал транзитінің 90 пайызы, ал Қазақстан арқылы бар болғаны 10 пайызы өткен болса, биыл осы қатынас 65:35 болып өзгерді.   Сонымен қатар компания басшысы жолаушылар пойызының қатынас жиілігі артқанына да назар аудартты.  Мысалы, Астана – Алматы бағытындағы «Тальго» пойызы желтоқсан айында күніне екі реттен қатынайтын болады деп жоспарлануда. Басқа да жаңа бағдарларды енгізу көзделуде екен. Құрылысшыларға қарата айтылған сөзінде компания президенті қазіргі жұмыс қарқынын жылдамдатып, стратегиялық маңызды жобаны сәтті аяқтау үшін жаз мезгілінің қалған айларын барынша тиімді пайдалану керектігін баса айтты.  Алматы-1– Шу теліміндегі екінші жолды алғашқы іске қосу кешенін қосу биыл қараша айында жүзеге асырылмақ.   Құрылысшылар да өз кезектерінде жұмыстың көп бөлігі жасалып болғанын, жақын күндері барлық бағыттар күшейтілетініне сендірді.  Дәл қазіргі таңда 40 км ұзындықтағы жер төсемдерін төсеу аяқталып, 17,5 км жерге Ақтөбе  рельс-арқалық  зауытынан шыққан отандық өнім – рельстер төселген. Су өткізгіш құбырлар мен көпірлер салу, СОБ және байланыс қондырғыларын, энергетика нысандарын орнату жұмыстары жасалуда.  Асқар Ұзақбайұлы бұл сапарында сонымен қатар жақында «Алматы – Шу» теміржол желісі құрылысы бойынша басқарма бастығы болып тағайындалған Рүстем Молдағұловты таныстырып өтті. Бұрын ол «Жол жөндеуші» ЖШС-нің Жезқазған – Сексеуіл және Арқалық – Шұбаркөл темір жолдарының құрылысы бойынша бөлімшені басқарған болатын. Ұлттық компанияның бас инженері Бауыржан Орынбасаровтың мәлімдеуінше, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін 26 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында технологиялық «толаскездер» белгіленетін болады. Соған байланысты жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгерістер енгізіліп, билеттер де сол түзетулер есебімен сатылуда екен. Жобаға сәйкес, ұзындығы 110 км басты екінші жолдарда жол үсті құрылыс материалдары төселеді. Желі бойынша 90 жасанды имарат, соның ішінде 10 көпір салынып, 12-сі ұзартылмақ. 63 су өткізгіш құбыр мен 35 бағыттама бұрмалары салынбақ. Бірінші іске қосу кешені бойынша 58,2 км телімде ағымдағы жылдың қараша айында қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр.

Ирина Бектиярова,

Райхан Рахметова

Алматы – Шу.

Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде
Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс