Бақылауда – бүйір рамасы
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша «Бүйір рамасын бақылау» төрт айлығы өткізілуде. Жүк тасымалы мен транзиттік пойыздардың қозғалыс жиілігінің артуына орай желі бойындағы жұмыстар жүйеленіп, шұғыл тексеру және тиісті шара қабылдау ісіне мән берілуде.
Әсіресе, вагон шаруашылығы мен локомотившілер, пойыз құрастырушылары жұмысы бойынша арнайы акциялар өткізіліп, ілкімді шаралар қолға алынуда.
Әрине, қай кезде де қыс мезгілі Шығыстағы вагон қараушылары үшін үлкен жауапкершілік ала келеді. Себебі, ауа температурасының күрт төмендеуі жүк вагондары арбасының құйма бөлшектері мен бүйір рамаларының аязға шыдас бермей морт сынуына немесе жарықшақтануына алып келеді. Міне, осы орайда өткен желтоқсан айының 15-нен сәуір айының 15-не дейінгі аралықта «Бүйір рамасын бақылау» атты күшейтілген режим орнатылып, төрт айлық өткізілуде. Ал, бұл ретте бөлімше бойынша ревизорлық бригадамен қатар басшылық құрамнан тұратын арнайы комиссия желі бойында рейдтік сапарларға шығып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Көзделген мақсат – жүк вагондары арбасының құйма бөлшектерінің сынуының алдын алып, пойыз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аталмыш тоқсандыққа орай әсіресе, вагон шаруашылығына баса көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, бірінші кезекте, вагондарды жөндеу мен қабылдап алу, станцияға келіп тоқтаған жылжымалы құрамдарды тексеру ісі қатаң қадағалауға алынды. Сол тәрізді бүйір рамаларын дефектоскопиялық тексеруден өткізу мен техникалық күтім бекеттеріндегі кешенді жұмыс та қатаң назарда. Ол мақсатта арнайы құрылған инструкторлық құрам мүшелері кезекшілік атқаруда. Бір бұл емес, әсіресе ірі станцияларда локомотив бригадалары мен пойыз құрастырушылары арасында тиісті инструктаждар өткізілуде.
Осынау бағыттағы атқарылып жатқан іргелі шаралардың барлығы да бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың тікелей қадағалауында алынған. Осы орайда бөлімшенің басшылық құрамынан тұратын комиссия мереке күндерінде де желі бойына шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізуі жоспарланған-ды.
Бүгінгі таңда бөлімшеге қарасты пойыз қозғалысына бірінші кезекте жауапты мекемелер теміржолшылары айлықтың талабымен толық таныстырылған. Аталмыш бағыттағы шаралар қызметкерлердің қырағылығын арттырып, жұмыс барысында сергек әрі бабында болуларына ықпал етеді.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды