Жолтөбе пойыздарға жол ашты
Жаңалықтар
29.07.2016, 17:36
Өткен жылдың екінші жартысында Атырау темір жолы тағы бір станциямен толықты.
Ганюшкин станциясының жүгін жеңілдеткен Жолтөбе станциясы бүгінде толыққанды жұмыс істеп тұр.
–Біздің Ганюшкин мен шығысқа қарай орналасқан 7-разъездің аралығы 24 шақырымды құрайды. Осы екеуінің аралығында пойыздар бұрын бір-бірін күтіп, тұрып қалатын. Бұл тасымал көрсеткішіне қай жағынан да кері әсерін тигізбей қоймайтын. Міне, осындай келеңсіздіктерді жою мақсатында осы екі аралықтан Жолтөбе бекеті салынған болатын. Енді аталған бекет арқылы пойыздар осы жерден екінші жолға ауысып, бір-біріне жол ашуда, – дейді Ганюшкин станциясының бастығы Теңел Исмағұлов.
Жолтөбе бекетіне Ганюшкин темір жол станциясынан Айбек Теміртасов, Ержан Жанғатаев және Айбек Избанов сынды жоғары білімді, білікті жас мамандар жіберіліп, ол азаматтар бүгінде бекетте кезекші болып, шағын бекеттің жұмысын дөңгелетіп отыр екен.
– Жаңадан іске қосылған Жолтөбе бекеті толықтай электр жарығымен жабдықталып, пойыздардың жүру кестесі компьютерлік жүйеде басқарылуда. Қызыл кірпіштен салынған кеңсесі жұмыс істеуге сай компьютерлік оргтехника, ауа баптағыш, өрт қауіпсіздігі, т.т. қажеттілікпен толық жабдықталған. Сондықтан, ауысым бойынша қатынап жұмыс істейтін жігіттер жағдайларына дән риза, – дейді станция бастығы.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
Атырау
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды