Қоғамдық қабылдау өткізді

Жаңалықтар
30.01.2018, 12:35
Оқуға 2 мин
Сыр өңіріндегі теміржол саласы еңбеккерлері мен тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап, олардың өтінішіне құлақ асып оңтайлы шешім қабылдау үшін өткізілетін қоғамдық қабылдау былтырғы жылы  тұрақты жүргізіліп, биыл қайта жалғасын тапты.  Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Теміржол» филиалы төрағасы Аманкелді Арысбаев төрағалық жасаған тұрақты жұмыс комиссиясы мүшелері өткен аптада алғашқы қоғамдық қабылдау өткізді. Бөлімше басшысының бүгінгі қабылдауына жазылғандар қатарында салада жұмыс жасайтын теміржолшылармен қатар жергілікті тұрғындар да көп  тіркелген екен. Олардың сұрақтарын тыңдаған комиссия мүшелері түйінді мәселелерін талқыға салып, оңтайлы шешудің жолдарын қарастырып, қолайлы мүмкіндіктерді іздеді.    Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әрине, әлеуметтік негіздегі мәселелермен келген. Бірі жұмыс сұрайды, бірі отын, бірі көмір сұрайды,  кейде тіпті даулы мәселелерін шешіп беруге де қоғамдық қабылдауға жүгінетіндер табылады екен. Комиссия мүшелері қабылдаған жандардың қай қайсын да жауапсыз қайтарған жоқ. Олардың шағымдарына орай тиісті қолдау шаралары қарастырылып, шешу жолдары белгіленді. Сексеуіл локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып жұмыс жасап, зейнетке шыққан теміржолшы қазіргі уақытта көп балалы отбасында тұрақты жұмыс жасайтын ешкім болмағандықтан, бөлімше басшысына отбасы мүшелерінің бірін  жұмысқа орналастыруға көмек беруін сұраған. Комиссия көп балалы отбасына көмек беру қажет деп тапты.  Қоғамдық қабылдау тұрақты белгіленген кесте бойынша жыл бойы жалғасын табатын болады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды