Жолаушылар легі миллионнан асқан
Былтыр Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің балансына өткен Маңғыстау темір жол вокзалында бұрын-соңды кездеспеген жаңалық орын алып, өткен жылы вокзалдан сапар шеккен жолаушылар саны миллионнан асты.Бұл көрсеткіш «ЭКСПО» көрмесі кезінде қатынаған жолаушылар санының артуы мен соған орай қосымша пойыздардың іске қосылуынан жоғарылап отыр деп болжам жасайды мамандар. – 2016 жылы 800 мың жолаушы келіп-кетсе, 2017 жылы жолаушылар легі 1 миллион 2 мың 444-ке жетті. Орташа есеппен күніне 2,5 мыңнан астам адамды құрады. Соның есебінен есепті мерзімде вокзалдағы ана мен бала бөлмесін және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны пайдаланушылар қатары да көбейді. Былтыр бұл қызметке 25 ана мен 40-қа жуық кемтар жан жүгінді. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға вокзал қызметкерлері қажетті көмекті көрсетті, – дейді вокзал бастығы Айгүл Әмірова. Оның айтуынша, осыған дейін вокзалдың қауіпсіздігін қадағалау бойынша 20 бейнебақылау құрылғысы болған. Бүгінде жаңадан тағы 19-ы орнатылуда екен. Сондай-ақ, нысанның шатырын түгел ауыстыру жұмыстары да таяу күндері басталмақ. Қажет қаражаты өткен жылы бөлініп, тиісті материалдары алынған. Оған қоса өткен жылы перрондардың 25 шаршы метрдей аумағына, пандустарға жөндеу жүргізілген.
–2017 жылы бізде бірқатар өзгерістер болғаны белгілі. Алдымен вокзал Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің балансына өтті. Ішкі-сыртқы әрлеу, жөндеу жұмыстары жасалды. Сынған, бүлінген жерлері қалыпқа келтірілді. Ғимарат жеке кассалар мен өзге де кәсіпкерлік нысандаран босатылып, күту залының аумағы кеңейтілді. Кіріс және шығыс есіктеріне бақылау құрылғысы орнатылды. Құрылғымен әр кезекте 9 адаммен тәулік бойына жұмыс ұйымдастырылуда. Енді вокзалға күрделі жөндеу жұмыстары және жаңа ғимарат салу мәселесі ойластырылуда,– деген А.Әмірова вокзалдағы кассалардың жұмыс кестесінің, жол жүру құнының қаңтардың бірінен бастап өзгергенін де айтады.
Бірінші касса таңғы 11.30-23:30, екінші касса 9:00-21:00, үшіншісі 8:00-20:00 аралығында ашық тұрады. Бұрынғы кесте бойынша соңғы касса 22:30-ға дейін жұмыс жасаған. Ал билет бағасы болса, 7 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде жол жүру құжатын броньдау, топ болып бір вагонға тапсырыс беру, қайтару, т.б. қосымша қызмет түрлерінің де құны өскен.
Шахида Жұман
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды