«Мөлдір бұлақ» миссиясы жалғасуда

Жаңалықтар
30.01.2018, 12:45
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Теміржолсу» АҚ Магистральдық желі дирекциясымен бірлесе отырып, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырмақ. 2018-2022 жылдар аралығын қамтитын бұл бағдарлама шағын станциялар мен резъездердегі темір жол көлігі еңбеккерлері мен кәсіпорындарды қажетті мөлшерде сапалы сумен қамтамасыз етіп, су тасымалданатын темір жол пункттерінің санын қысқарта түспек. «Теміржолсу» АҚ құрамына табиғи монополиялардың  субъектілері болып табылатын 12 еншілес ұйым кіреді және олар сумен, жылумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметтерін көрсетеді. Бұл қызметтердің негізгі тұтынушылары – темір жол кәсіпорындары, тұрғындар, бюджеттік ұйымдар мен өзге де кәсіпорындар. –2017 жылдың қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша Қоғам 185,6 млн теңге мөлшерінде пайдаға қол жеткізді. Кірістің өсіп, сәйкесінше пайданың молаюы, бірінші кезекте, Қоғамның орталық аппараты тарапынан еншілес ұйымдардың негізгі қызмет түрлері бойынша тарифтер деңгейіне түзету жасап, сондай-ақ, көрсетіліп отырған қызметтердің өзіндік құнын төмендету бағытында тұрақты жұмыстардың жүргізіліп, үнемі бақылауда ұстауы септігін тигізіп отыр.   Сонымен қатар қосымша кірістер тарту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Егер өткен жылдың рейтінгілік бағалау қорытындысы бойынша еншілес ұйымдарды саралайтын болсақ, онда бірінші орын мінберінен «Теміржолсу-Маңғыстау», екінші орыннан «Теміржолсу-Қарағанды» көрініп, ал үшінші мен төртінші орындарды «Теміржолсу-Ақтөбе» және «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС-тері өзара бөліскенін атар едік, – дейді «Теміржолсу» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Мира Темірбекова.  Еске сала кетсек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен салалық «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы әзірленіп, ол 2012 жылдан бастап іске асырыла бастаған еді. Өткен жылы алғашқы бес жылдық жоспарын аяқтаған бағдарлама аясында көптеген темір жол станциялары мен разъездер сапалы әрі қажетті мөлшердегі сумен жабдықталған болатын. Су жоқ жерлерге су құбыры тартылып, ескі құдықтар қазіргі заман талабына сай жаңғыртылып, жаңа келбетке ие болса, көп жерлерде суды тұщыту, залалсыздандыру сияқты тағысын тағы шаруалар атқарылды. Осы шараларды жүзеге асыруға бес жыл ішінде 5,8 млрд теңге жұмсалыпты.  Нәтижесінде, тозған негізгі өндірістік активтер қатары 80-нен 26%-ке дейін төмендеп, суды ысырап жасау деңгейі мейлінше азайған, сондай-ақ, нысандарда апаттық жөндеулер саны да қысқарған. Жалпы, мұндай шаралардың жүзеге асырылуы,  Қоғамда қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша одан әрмен қарай пәрменді саясаттың жүргізілуіне мүмкіндік бермек.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды