Қоршаудан да қайыр болмай тұр

Жаңалықтар
30.01.2018, 12:49
Оқуға 1 мин
Ақтөбе теміржолшылары қоршаудан көмек болмай отырғанын алға тартады. Ақтөбе өңірінде теміржолды жағалай қоршаулар тұрғызылды. Оған қол жеткізу үшін Астанаға сан мәрте хат жазылды. Жол бойында бақытсыз жағдайларды болдырмау мақсатында машинисттер үндеу де жариялады. Өкінішке қарай, ол қоршауларды тұрғындар бұзып өтіп жатыр. Теміржолшылардың пайымынша, бөгде адамдар рұқсат етілмеген жермен өтуді доғарар емес. Жыл басталмай жатып, автовокзал аумағында бір ер адамды пойыз қағып кетті. Оның қасында болған әйел адам ауруханаға жеткізілді, алайда ол да уақыт өте көз жұмды. Ақтөбе жол дистанциясынан хабарлағандай, Жіңішке – Ақтөбе өткелінде сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз машинисі шұғыл тежегішті іске қосқан. Алайда, үлгермеді. Бүгінде көліктегі ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Теміржол бойында қоршаулардан көмек болмай тұрған тәрізді. Жол бойын жағалай тұрғызылған қоршауларды тұрғындар бұзып кетуден тайынбайды. Рұқсат етілген орындарды айналып өтпеу үшін қоршауларды қисайтып кету жайттары баршылық», – дейді теміржолшылар.  Айта кетейік, былтыр Жіңішке – Ақтөбе өткелінде келе жатқан пойыз машинистері 12 рет шұғыл тежегішті іске қосқан. Жылдамдықты түсіріп үлгермеген олар 3 адамды қағып өткен.

Асқар АҚТІЛЕУ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды