Сегіз қырлы, бір сырлы

Жаңалықтар
30.01.2018, 12:57

Ұлттық компания жас теміржолшыларды  жан-жақты дамытуға тұрақты күш салып келеді. Бүгінде КТЖ-да білімді де білікті кадрларды баулу үшін сан түрлі жобалар жүйелі түрде жүргізіліп отырғаны – осының айқын дәлелі.   Ақжайықтан арман қуып келген Мейірбек Рамазанов жеті жылдан бері Астанада қызмет етеді. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген Мейірбек Сатыбалдыұлы  Әскерилендірілген темір жол күзетінде күзетші боп еңбек жолын бастайды. Темірдей тәртіпті талап ететін теміржол саласында жұмыспен бірге қоғамдық шараларға да білек түре атсалысқан Мейірбек жастайынан айналысқан хоббиі спортты да тастамай,  нәтижесінде компания ұйымдастыратын түрлі сайыстарға қатысып, бақ сынайды. Сындардан сүрінбей өткен сыптай жігіт волейболдан алты мәрте чемпион атанады. Жұмысын да тиянақты атқаратын жас маман 2012 жылы «Үздік маман» атағын алады. Бүгінде Әскерилендірілген темір жол күзетінде менеджер болып қызмет етеді. –«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жастарға барлық жағдайды жасап, барынша қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе, әлеуметтік жағына көп көңіл бөледі. Дәстүрлі өткізіліп тұратын спорттық жарыстар мен жастар  форумы қанша жастың бағын ашты.  Ұлттық компанияда қызмет ететін кез келген жас өзін сенімді сезінеді. Мен осынау қолдау мен көмек үшін алғысымды білдіремін,–деді Мейірбек Сатыбалдыұлы. Орда бұзар отызға келіп, өмірден өз орнын таба білген жас жігіт өткен жыл өзі үшін табысты болғанын айтады.  Жыл соңында қоғамдық жұмыстағы белсенділігі мен спорттық жетістіктері үшін «ҚТЖ»ҰК»АҚ персонал жөніндегі вице-президенті Н.Жапарқұлдың қолынан Алғыс хат алды. –Жеткен жетістіктерім, табыстарым аз емес. Десе де қазақта «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» демекші, осы жылы жаныма жақын жартымды жолықтырып, екеу болсақ деген арманым бар. Ата-анама жақсы келін болатын жанды биылғы жылы жолықтырсам, – деп сырымен бөліскен Мейірбек   болашақ жарының  да осы салада жұмыс істегенін қалайтынын да жасырмады. – Кім біледі, мүмкін осылай қос теміржолшы бас қосып, болашақта бір династияның пайда болуына ықпал ететін болармыз,– деп күлген ол қалжыңның астарында бір шындықтың жатқанын жеткізді.   

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды