Ағылшын тілді тауар кассирі

Жаңалықтар
30.01.2018, 13:06
Оқуға 3 мин
Атбасар станциясында сырттан келіп қызмет ететіндер некен-саяқ. Қайсы бір теміржолшымен  сөйлессеңіз де, өздері туып-өскен жерде, әулеттің ата кәсібін  жалғастырып, еңбек етіп жатқанын айтады. Солардың бірі  – тауар кассирі Светлана Французова осы Атбасар қаласының тумасы, теміржолшылар әулетінің өкілі.      Светаға тауар кассирінің жұмысы өте ұнайды, жүк жөнелтуші клиенттермен жұмыс істеп, олардың жүк вагондарын «АСУ ДКР» жүйесі арқылы қабылдап, тіркеп, төлемін жүргізіп отырады.  Жіберген жүктеріне, немесе құжаттарға қатысты әлдебір мәселе туындай қалса, олардың бәрі Светаға жүгіріп келеді. Ашық та жайдары мінезді келіншектің адамды өзіне еріксіз үйіріп алатын ерекше қасиеті бар,  жіті қимылмен клиеттің шаруасын шешіп беріп, күлік-күмәнін де әп-сәтте сейілтеді. «Ох, Света, сен болмасаң...», «Рахмет сізге, енді алаңсызбын!» деп алғысын жаудыратын жандарға күле жауап беретін тауар кассирінің кейде жүйке жұқартар жұмыста  да қабақ шытқанын көрмейсіз, үнемі көңілді жүреді.       Мектеп бітіргенде әулет жолын таңдауға кеңес берген анасының тілін алмай ағылшын тілін меңгеруге ден қойып, лингвист мамандығын алған  Светлана жоғары оқуын тәмамдағанмен,  түбі айналып бәрібір теміржолға келді. Мұндайда еріксіз қазақтың «Ат айналып, қазығын табар» деген мақалы еске түседі. Содан бері өткен 15 жыл ішінде, ол осы мамандығының қыр-сырына әбден қанықты. Қазір басқа ешқайда кеткісі жоқ. Келген бетте Павлодар темір жол мектебінде 3 айлық курстан өтіп, қалған білімді жұмыс барысында оқып, ізденіп жүріп жинады,  бүгінде өз мамандығын бес саусақтай меңгерген нағыз теміржолшы екеніне сенімді.   – Атам – Ағадырда паровоз жүргізушісі машинист болған. Әке-шешем, әпкем, ағаларым – бәрі де теміржолшылар. 2003 жылы бұл жұмысқа анамды шақырған. Ол кісі өмір бойы вокзал қызметкері болған. Анам маған кеңес берді. Осылай мен де теміржолға келдім. Маған бұл сала тұрақты табысы, қоғамдағы жоғары беделімен ұнайды. Ауысымдық қызметте 6 тауар кассирі жұмыс істейміз.  Тәулігіне 30-80-дей вагонға құжат ресімдейміз. Қазір бұрынғыға қарағанда жүк айналымы артып, жұмыс көбейді, – дейді Светлана. Бүгінде бір қыздың анасы және екінші баласын күтіп жүрген теміржолшы, тауар кассиріне керек қасиеттер – ең алдымен асқан мұқияттылық, зор жауапкершілік, жұмысқа қабілеттің жоғары болуы, шапшаңдық екенін айтады. Ол келгелі компьютердегі жұмыс бағдарламалары бірнеше рет өзгерді. Сондай жаңашылдықтарға тез бейімделіп, жеделхаттар, нұсқаулықтарды оқып, жаңа нәрсені меңгеруге жадының да мықтылығы керек. Ұжымы ұйымшыл, тату және бірыңғай әйелдерден   құралған. Бір-бірене қашан да көмек қолын созуға дайын. Ал арнайы оқыған ағылшын тілінен лингвист мамандығы да зая кетпейтін көрінеді. Жұмыс барысында шетелдерге жөнелтілетін кейбір жүк құжаттарын ағылшын тілінде толтыру барысында Светланаға осы білімі де көп көмек болады екен. Тіпті кейде жүк жөнелтетін бизнесмендер қажет етіп, «әлгі ағылшын тілді тауар кассирі қайда, маған сол қызмет көрсетсе...» деп іздеп келеді екен. Әулет жолын жалғастырып, тағдырын теміржолмен байланыстырған таңдауына Света еш өкінген емес. 

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды