Ұлттық бәсекеге қабілеттілік тұрақты өсім факторы
Жаңалықтар
02.02.2018, 12:30
Соңғы жылдары көлік саласының маңызы ұлттық бәсекеге қабілеттілік пен тұрақты экономикалық өсім факторы ретінде артты. Еліміздегі темір жол, автомобиль және әуе көлігі жағдайына, көліктік-логистикаға қатысты мәселелер сейсенбі күні «ҚТЖ» компаниясы ғимаратында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының осы жылғы Жолдауына орай өткен Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөз болды.
Сыртқы нарықтарға жол ашқан сала
– Елбасы биылғы Жолдауында еліміздің дамуының басымды бағыттарын белгілеп, Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуы үшін атқару қажет 10 міндет қойды. Соның ішінде, Жолдауда Мемлекет басшысы көлік-логистика саласының тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше мән берді. Өздеріңізге белгілі, көлік-логистика саласы өткен жылдың нәтижесі бойынша еліміздің экономикасы өсімінің негізгі драйвері болды. Елбасы көлік-логистика саласының әлеуетін толығымен пайдалануға тапсырма берді. Жолдаудан туындаған міндеттерді орындау үлкен жауапкершілікті жүктейді, – деп кеңесті ашқан А. Мамин алғашқы сөз кезегін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке берді. «ҚР көлік кешені алдында тұрған жаңа міндеттер мен белестер» туралы баяндаған министр бүгінде Қазақстанның көлік саласының дамудың тарихи бір кезеңіне өткенін сеніммен айтты. –Осы жылдар ішінде елдің көлік кешені сауда-экономикалық байланысын нығайтуға елеулі үлес қосып, экспорттық әлеуетті дамыту үшін сыртқы нарықтарға жол ашты. Ендігі жерде бізді басып озғысы келетін баламалы дәліздер тарапынан бәсеке үдей түскен жағдайда қолда бар көліктік-логистикалық инфрақұрылымды тиімді пайдалануымыз керек, – деді министр. Елбасы Жолдауында биыл сонымен қатар көлік пен логистика саласына заманауи цифрлы технологияны жаппай енгізу туралы міндет қойылды. Қазіргі заманғы әлемде цифрландыру дамудың жаңа парадигмасына айналды және озық елдер өздерінің көліктік-логистикалық жүйелерінде цифрландыру бойынша ірі ауқымдағы стратегияларды жүзеге асыруда. Министр сонымен қатар бүгінде отандық көлік-логистика жүйесіне заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен бірге көлік пен жолаушылар ағымын басқаруды жақсарту, тасымал қауіпсіздігін арттыру, қозғалыс жылдамдығын ұлғайтуға бағытталған жүйелер енгізілуде. «Интеллектуалды көлік жүйесі» көп құрамды жобасы шеңберінде көлік құралдарының, инфрақұрылым, пайдаланушылар және инфо-коммуникациялық технологияларды кезең-кезеңімен біріктіру жүзеге асырылуда. Ал автокөлік саласына бастапқы ақаулықтарды жою жолымен жолдардың күтіміне шығынды оңтайландыру үшін Жол активтерін басқару жүйесі енгізіліп жатыр. Авиация саласына жүк авиа тасымалы бойынша E-freight қағазсыз құжат айналымы мен авиа жолаушылар туралы мәліметтерді өңдеу және жинақтау жүйесі енгізіліп жатыр. Әлемдік тәжірибе көлік саласын цифрландыру бизнестің белсенді қатысуынсыз мүмкін емес екенін көрсетті. Зерттеулерге сәйкес цифрландыру компанияның табысын үш есеге арттырады. Соған байланысты компаниялар желілік инфрақұрылым дамуы мен кеңейтілген ІТ–мүмкіндіктер аясында бизнес-стратегияларды бейімдеуге қарқынды түрде қаржы бөлуде. Ж.Қасымбек осы орайда біздің көлік ұйымдарының да дәстүрлі әдістер мен қолмен басқару тәсілдерін алмағанда бизнес үдерістерге цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу қажеттілігін айта келе, болашақта көлік әлеуетін жүзеге асыру үшін инфрақұрылым сапасына қатысты кедергілерді жою бағытында жұмыстар жүргізіле беретінін жеткізді. Экономиканы цифрландыру шеңберінде аталған министрлікте Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындау үшін цифрлық технологияны қолдана отырып, Интеллектуалды көлік жүйесін кезең-кезеңімен енгізу бойынша шаралар Жоспары жасалуда. Соған қоса министрлік ҚР-да цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша Президент жанындағы Комиссия жұмысына да белсенді араласады. Министр аталған жұмыстарды жүргізу барысында көліктік қауымдастықтың ұсыныстары мен идеяларын тыңдауға дайын екендіктерін жеткізді. Жалпы алғанда көліктік-логистикалық саласы дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстың барлығы Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсартып, транзиттік әлеуетін арттырады және Елбасы қойған стратегиялық міндеттерді шешуге септік етеді.Транзит пен экспорт үшін бар жағдай жасалуда
Республикалық кеңесті одан әрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев транзиттік тасымалды және көлік логистикасын дамыту тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды. Оның айтуынша, Асқар Маминнің бастамасымен құрылған Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізіндегі темір жол, теңіз және логистикалық инфрақұрылым меншігі альянсы бірыңғай технология мен тариф саясатын қамтамасыз етті. Құрық темір жол кеме кешенінің іске қосылуы – былтыр түсіріп тиеуден жоспарлаған көлемді 2 есе өсіруге мүмкіндік берді. Транскаспийлік тасымалды дамытуға қосымша серпін беру арқылы Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісі іске қосылды. Бұл тасымалдың экспорттық-транзиттік географиясын кеңейтіп, 2018 жылы жоспарланған жұмыс көлемін 35 мың контейнерді қоса алғанда 8,5 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік бермек. –Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағдары бойынша тасымал көлемін арттыруға күш салынуда. Бекітілген нақты тарифтің арқасында тұрақты контейнерлік сервис қалыптасты. Тек соңғы 3 күн ішінде аталған бағдар бойынша 3 пойыз жіберілген. Осы жылы тасымалды 15 мың контейнерге жеткізіп, 2020 жылға қарай 500 мың ДФЭ деңгейін бағындыруды көздеп отырмыз, – деді компания басшысы. Оның мәлімдеуінше, өзге де Қытай – Ресей, Қытай – Орталық Азия бағыттары бойынша оң динамика байқалып, деңгей 147 мың ДФЭ-ге жеткен. Трансқұрлықтың сервисті құрудың базалық нүктесі болып Ляньюнгань порты табылады. Бұл бағытта Қазақстаннан және елімізге бағыт алатын пойыздардың тұрақты сервисі қалыптасқан. Логистикалық ағымдардың шоғырландырушы және дистрибуторлық нүктесі ретінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты іске қосылды. Ол арқылы HP, DHL, John Deer сынды клиенттердің халықаралық логистикасы жолға қойылды. Бұл тасымалдың кең географиясына қосымша клиенттер тартуға ынталандырады. Аталған порт инфрақұрылымы арқылы логистикалық активтер мен сервистерді біріктіру аймақты дамытуға инвестиция құятын халықаралық инвесторларды ынталандыруға септік етеді. Автожолдар инфрақұрылымын дамыту, автожол жобаларын іске асыру, жергілікті жолдар желісін дамыту, ақпараттық жүйелерді енгізу және ақылы жолдар мәселесіне «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов тоқталды. Кеңес барысында осы автокөлік мәселесіне қатысты сонымен қатар Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек, ЕҚДБ-нің ҚР-дағы өкілі Агрис Прейманис, «CITIC Construction Co. LTD» компаниясының вице-президенті Ян Цзяньцян, «Алсим Аларко» АҚ вице-президенті Аббас Шахин, IRU-дің Еуразиядағы тұрақты өкілі Дмитрий Чельцов баяндама жасаса, Қазақстан тауар өндірушілер және экспорттаушылар одағының президенті, тау-кен өндіруші және тау кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец қазақстандық өнімдерді, оның ішінде экспортқа тасымалдауды қамтамасыз ету туралы сөз етті. Ал «ҚазАТО» халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағының президенті Мақсат Сақтағанов халықаралық автотасымалды дамыту және АКҚ паркін жаңарту туралы айтты. ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер азаматтық авиация саласын дамыту, әуе компаниялары мен әуежайларды дамыту жайын қозғады.Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Аймақтар
27.11.2024
Кырағы күзет қызметінің сарбаздары
Жүк тасымалы
27.11.2024
Транзиттік вагондар ағыны артты
Әлемде
27.11.2024
Румынияда алғашқы Coradia Stream пойызы іске қосылды
Жүк тасымалы
27.11.2024
Құрық портындағы жаңа астық терминалы экспортқа мүмкіндік ашады
Жаңалықтар
26.11.2024
Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады
Жаңалықтар
26.11.2024
2029 жылға дейін 5 мың км жол салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты
Жаңалықтар
26.11.2024
Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды
Жүк тасымалы
26.11.2024
Достық станциясынан ҚХР-ға тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Жолаушылар тасымалы
26.11.2024
Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері
Жаңалықтар
26.11.2024
Ыстамбұлда ТХКБ дамуы талқыланды
Инфрақұрылым
26.11.2024
Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымын дамыту жалғасуда
Аймақтар
26.11.2024
Күзет мамандары үш тілді қатар меңгеруде
Аймақтар
26.11.2024
Станция басшылары біліктілігін арттырды
Станция тынысы
26.11.2024
Аймақтың бағын ашқан алып құрылыс
Инфрақұрылым
26.11.2024
Жолдарды жаңғырту – жауапты мәселе
Жаңалықтар / Мұрағат
26.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №100 26 қараша 2024 жыл
Жаңалықтар
25.11.2024
ҚТЖ Хорватия серіктестерімен байланысты нығайтады
Жаңалықтар
25.11.2024
Белгісіз біреулер Көкпекті – Нұра аралығындағы жолдан бекітпе болттарды ұрлап кеткен