Әмбебап маман атану  мүмкіндігі

Жаңалықтар
02.02.2018, 12:47
Оқуға 2 мин
 Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Тараз вокзалында вокзал бастығы кезекшісінің көмекшісі болып еңбек ететін Динара Төлешова осылай дейді.  Әрдайым жүзінде күлкі тұратын маманның өз уәжі бар екен. –Әрине, вокзалда жолаушы халыққа сапалы қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Кейде жолаушылар арасында әр түрлі жағдайлар болып жатады. Бірі – қуанышқа асығып тойға бара жатады немесе келе жатады,  алып-ұшып көтеріңкі көңіл күйде болатын мұндай топтағы жолаушылар кейде шектен шығып кететін де кез болады.  Ал енді  бірі керісінше, қайғылы жағдайларға душар болып сапар шегіп барады. Біреулер аяқ асты ауырып, жедел жәрдемнің көмегіне жүгінуге тура келеді. Сондықтан, ондай жандардың да билет тауып беріп рәсімдеу, станцияларда пойыздан пойызға ауысып мінуіне көмектесу сынды өтініш-тілегін орындап, діттеген жеріне аман-есен жетуіне  тілеулес боламыз. Тіпті бірде  сөйлесе келе ақтарылып сырын айтып, кеңес сұраған жандарды да кездестіргенмін. Қысқасы, өзіңді  ұйымдастырушы, дәрігер,  психолог тағы бірнеше мамандықта сезінесің. Сондықтан, әмбебап болуға мүмкіндік беретін осы мамандығым өзіме ұнайды, – дейді Динара. Әр кезекшілікке үлкен жауапкершілікпен келуді әдетке айналдырған елгезек Динараны  ұжымдастары да жақсы көреді. Оның үстіне сыйластығы жарасқан ұжымда Динараны «Вокзалдың ақшақары» деп еркелететіндер де баршылық. Себебі,  қайсы бір жылы кезекшілікке тура Жаңа жыл қарсаңында түскен Динара  әріптестерімен бірге вокзалға келген жолаушыларға тосын сый жасауды ұйғарыпты. Әріптестері бірауыздан «Ақшақар» Динара болады деп,  түрлі костюм киген вокзал қызметкерлері Аяз атамен бірге  Жаңа жылды қарсы алуға үлгермей  жолда болған жолаушыларды құттықтапты. «Вокзаладағы жолаушыларды құттықтап ыстық кофе сыйладық. Одан бөлек келіп тоқтаған пойыз жолаушыларына да тосын сый жасадық. Өте көңілді болды», – деп жымиды алты жыл осы ұжымда табан аудармай еңбек етіп келе жатқан Динара Хусайнқызы. 

 Ерман Әбдиев, Тараз

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды