Еңбек ет те, міндет ет

Жаңалықтар
02.02.2018, 13:04
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ – Шымкент бөлімшесі» филиалының кәсіподақ комитеті мен кадр бөлімінің басшылары тораптық бекеттердегі теміржолшыларға ұжымдық келісімшарттың тиімділігін түсіндіруде. Бөлімше кәсіподағы комитетінің төрағасы Хайролла Сәрсенов бастаған топ осы тақырыпты кеңінен талқылау үшін Арыс станциясында, локомотив пайдалану депосы мен  вагон жөндеу депосында болды. –2015-2017 жылғы қабылданған келісімшартқа қарағанда, бұл жолғы өзгерістер қандай дегенге келсек, әрине әлеуметтік салаға, денсаулықты жақсартуға қаражат көбірек бөлінгені қуантады. Мәселен, тіс емдеуді айтсақ болады. Ұжымдық шарт бойынша тісті протездеу үшін бұрын алдымен ақшасы төленетін, ал қазір зейнеткер өз ақшасымен тісін емдеткеннен кейін барып тиесілі қаржыны алады. Міне, осы мәселеге зейнеткерлердің көңілі толмауда. Сондықтан, қайта қараса деген ұсыныс айтуда.  Ал, отбасында жаңа туылған нәрестеге берілетін қаржы көлемі ұлғайғаны жақсы жаңалық ретінде қабылданып отыр. Келісімшартты арнайы кітапша етіп шығарып, осы құжат негізінде жұмыс істейтін кадр, кәсіподақ, есеп-қисап жүргізетін салаларға таратпақпыз.  Қазір отыз данасын шығаруға ұсыныс бердік. Сонымен қатар, электронды нұсқасының көшірмелері берілуде,– дейді Хайролла Амантайұлы.  Сондай-ақ, жаңа келісімшартта  кісі қайтыс болған жағдайда берілетін көмек көлемі едәуір азайғаны да сөз болуда екен. Мәселен, мынадай  оқиға болыпты. Желтоқсанда жақыны қайтыс болған маман, ол жәрдемді алуға өтінішті қаңтарда береді. Көмек былтырғы ұжымдық шарт құжатына сай берілу керек. Мамандар  өтініш биыл жазылғандықтан, жаңа шартқа сай береміз бе, ескісімен бе деп біраз ойланыпты.  Яғни ол адам ескі ұжымдық шарт бойынша алса,  көбірек қаржы алады, ал жаңа шарт  бойынша азырақ алады. Міне, осындай даулы мәселелерді түсіндіру үшін ел ішін аралып, теміржолшылармен кездескен топ еңбек ұжымдары өте белсенді болғанын айтады. –Теміржолшылардың ұжымдық келісім шарты бұрыннан жақсы жүйеленген. Одақ кезінен келе жатқан кейбір нұсқалар мен жеңілдіктер сақталған. Оның өзі теміржолшының жұмысына деген ынта мен ертеңіне сенімділілік әкеледі. Жақында жалақы он пайызға көбеймек.  Тағы бір жағымды жаңалық,  бұл жолы  теміржолшылар денсаулығын түзеу үшін шипажайда демалуға, ем алуға көбірек көңіл бөлінгені де көптің ойынан шығып отыр,– дейді кәсіподақ төрағасы.   

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды