Жоспарда – жүк тасымалы көлемін арттыру
Жаңалықтар
07.02.2018, 15:53
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – ЖТ-Жамбыл бөлімшесі өткен жылды жаман қорытындылаған жоқ. Тек жүк тасымалынан түскен қаржының өзі 19 378 086 854 теңгені құрады. Бұл дегеніңіз, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 406 878 373 теңгеге немесе 14 пайызға артып отыр деген сөз.
Сондай-ақ, бөлімшеде жүк тиеу жоспары бойынша 7 879,5 мың тонна болса, тиелгені 7880,0 мың тонна, жоспар бойынша 118 990 вагон болса, тиелгені 119 011 вагон немесе 21 вагон жоспардан тыс тиелген. Осылайша 2017 жылы жүк тиеу 632,4 мың тоннаға немесе 8,1 пайызға, 9550 вагонға өскен.
–Жүк тасымалдау көлемін арттыру бойынша жүк жөнелтушілермен бірлесіп жүргізген жұмыстың, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын қатыстыра отырып, ұйымдастырылған кездесу-семинарлардың пайдасы тиді. Соның нәтижесінде, есепті мерзімде жүк айналымы 24870,0 млн ткм неттоны құрады, жоспар бойынша 23078,0 млн ткм нетто немесе 107,7 пайыз жоспардан тыс орындалды. Және бір айта кетерлігі, жалпы пайдалану көрсеткіштерінің жақсаруына Шу-Отар телімінің екінші жолының пайдалануға берілуінің де оң әсері болды. Яғни, телімдегі пойыздардың жүріп өту уақыты қысқарып, пойыздарды өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік артты,– дейді ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов.
Сонымен қатар, бөлімше қызметкерлері ағымдағы жылы жүк тиеу көлемін аймақтағы кәсіпорындардың тасымалдау көлемін арттыру болжамына сүйене отырып, 2017 жылға қарағанда 283,6 мың тоннаға көбейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, аймақтағы ірі кәсіпорындар – химиялық тыңайтқыш өндіретін «Қазфосфат» ЖШС – 80,0 мың тн, «ЕвроХим–Қаратау» ЖШС – 68,5 мың тн, цемент шығаратын «ЖЦПК» ЖШС – 77,9 мың тн, «ACIG» ЖШС – 12,5 мың тн, гипс өндіретін «Кнауф гипс» ЖШС – 41,2 мың тн, қант зауыты «ЦАСК» ЖШС – 3,5 мың тонна өнім артады деп болжанып отыр екен.
–Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бағытында да бірқатар іс-шаралар жүзеге асты. Мысалы, кәсіпорын басшыларымен стандарт талаптарын егжей-тегжейлі зерделей отырып, семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар, жұмысшыларды ынталандыру мақсатында алты аталым бойынша байқау ұйымдастырылды. Құқық қорғау органы қызметкерлерін шақырып, үйлестіру кеңестерін өткіздік, – деген бөлімше басшысы ағымдағы жылғы міндеттерге де тоқталып өтті.
Атап айтқанда, соның ең негізгісі, күн сайын берілетін технологиялық толаскез уақытын азайту есебінен техникалық қызмет көрсету және төбешіктің ғимараттары мен құрылғыларын жөндеу үшін алдын ала ДСПГ-мен келісе отырып, қалған минутты вагондарды тарту арасында беру арқылы жылдық экономикалық тиімділікті 297, 720 млн теңгеге жеткізе отырып, Шу станциясының сұрыптау төбешігінің қайта өңдеу қабілеттілігін арттыру. Бұдан өзге, ДУ-2, ДУ-3 формасындағы журналдардың орнына тәжірибелік пайдалануға АРМ ДСП/ ДНЦ ГИД «Урал-ВНИИЖТ» бағдарламасын енгізуді де көздеп отыр екен. Сонымен қатар, ауырсалмақты және рейстік қозғалыстың үлесін, нормативтік қозғалыс кестесі мен пойыздарды құрастыру жоспарының рөлін, нұсқамалық пойыздар қозғалысы кестесінің сақталуын да қадағалауды күшейтпек.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды