Сақтық шаралары күшейтілді
Қаңтар айының соңғы он күндігінде ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты Ұлттық компания басшылығы тарапынан шұғыл шешіммен № ЦИД-ЦЖС/4218-и бұйрығы шығарылып, оның орындалуын бақылау сала мамандарына тапсырылды.
Осы пәрмен негізінде Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша біршама сақтық шаралары жасалып, мазасыз маусымның тосын мінезінен бөлімшеге қарасты жеке құрам дін аман шыға білді.
Аталған пәрменге сүйенген Қызылорда ЖТ мен магистральдық желі бөлімшелерінің жеке құрамынан Аманкелді Арысбаев пен Ибраким Басықараев басшылық жасаған 6 адам және бөлімшеге қарасты дистанциялар, вокзал шаруашылы және станциялардың әр қайсысынан 3-4 адамнан құрылған жұмыс тобы тәулік бойы телімдерде кезекшілік жасап, сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірген жұмыстар жүргізді.
–Жұмыс тобының мүшелері ең алдымен қытымыр қыс кезінде ең кемі екі адамнан жұмыс жасап, біріне бірінің бақылау жасауын, топқа бөлініп жұмыс атқарғанда еңбек қауіпсіздігіне мән беру, еңбеккердің денсаулығына қауіп бола қалған жағдайда жұмысты доғарып, тиісті мамандарға хабар жеткізу, ауа-райы құбылысын хабарлап отыру, жылы киініп қорғаныс майын қолдану және оны бақылауға алу секілді теміржолшының жеке өміріне төнетін қауіптен сақтана отырып, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтау шараларына баса назар аударылды. Нәтижесінде айтарлықтай тосын жағдайдың орын алуына жол берілген жоқ. Жалпы жағдайды бақылауда ұстау мақсатында жұмыс тобы мүшелері кезек-кезегімен пойыздарға мініп телімдер бойында кезекшілік атқарды. Бөлімше бойынша барлық жағдайдан хабар беріліп, ақпар алмасып тұрды, – дейді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Әмірхан Жүсіпбеков.
Бөлімшенің Сексеуіл – Қазалы станциялары арасында СМ-2 қар тазалағыш машинасы жұмысқа жегіліп, телімдерде қар тазалау шаралары жасалды. Және де аяздың күшеюі, құмды желдің ұйытқи соғуынан көріну ұзақтығының шектелуі секілді ауа температурасының күрт өзгерісі кезінде теміржолшылардың таңғы тоғызда басталған жұмысы 4 сағаттық жұмыс кестесіне өзгеріп, түс кезінде шектеліп, келесі ауысым жұмысқа қосылған. Қазіргі таңда ауа температурасы адам өміріне айтарлық қауіп төндірмейтін жағдайға ауысқандықтан, жұмыс күнделікті кестемен жүргізілуде, дегенмен қыс мезгіліне байланысты бақылау күшейтілген қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға, адам өміріне бей-жай қарамауға аса назар аударылуда.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды