Дизельді генераторлармен толықты

Жаңалықтар
09.02.2018, 11:50
Оқуға 2 мин
Шұбарқұдық электрмен жабдықтау дистанциясына екі дизельді генератор жеткізілді. Осыған дейін жарықтандыру жағынан қиындық көріп келген мекеме электр қуатын сырттан тартып әлекке түспейтін болды. Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаевтың айтуынша, әсіресе, қыс мезгілінде жарық өшкенде энергия көзін қаладан тартуға тура келеді. Егер қалада жарық болмаса, Темір станциясынан тартуға мәжбүр болады. Қандыағашқа дейінгі аралыққа да электр көзін тарту оңай емес. «Өзге телімде болған дизельді генераторларды Шұбарқұдық станциясына әкеліп орнаттық. Қиындық тудыратын екі жерде электрмен жабдықтау мәселесі шешімін тапты. Бұрын қыс мезгілінде 110 киловольт қуат кішірейіп, 35, кейде тіпті, 10 киловольтқа дейін төмендеп қалатын. Кейде ол да болмай қалып, генераторды от алдыратын кездер болады»,– дейді Сәкен Орынбаев. Жаңадан жеткізілген генераторлардың бірі Жарлы елді мекеніне қойылған. 75 квт-тық генератор «жүздікпен» ауыстырылды. Шұбарқұдыққа дейінгі аралыққа электр тарту мәселесі де шешімін тапқан. Дистанция директорының айтуынша, Қандыағаш пен Сағыз станцияларының арасында екі бағытты желі тартылған, бір бағанда алты қатар сым орналасқан. Ал, басқа бағыттарда бір бағанда үш сымнан тартылады. Егер автоблокировка өшіп қалатын болса, аккумуляторлы резерв пайдаланылады. Дегенмен, аккумулятордың қуаты барлығына жете бермейді. Сондықтан, дизельді генераторлардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Сәкен Орынбаев Әйтеке би мен Никельтау телімдерінде де резервті желілердің іске қосылғанын жеткізді. Электрмен жабдықтау дистанциясы директоры орталық электрмен жабдықтау департаментіне қарасты мекемелер арасында алдыңғы қатарда тұрғанын мақтанышпен айтып берді. «Жұмыс көрсеткіші жағынан дистанциялар арасында үшінші орындамыз. Осы жылдың үшінші тоқсанының көрсеткіші бойынша қызметкерлерімізге ынталандыру мақсатында сыйақылар берілетін болды», – дейді Сәкен Орынбаев.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды