Көмек пен кеңес берді
Қызылорда ЖТ және магистральдық желі бөлімшесінде құзырлы орган мамандарымен бірге «Азаматтарды қабылдау күнін» өткізіп, онда теміржолшыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, Елбасы жолдауында айқындалған басым бағыттардың орындалуы мен міндеттері жайында пікір өрбіді.
Бөлімшелердің қызметкерлер құрамымен жұмыс жасау бөлімі, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Теміржол» филиалы өкілдері ұйымдастырған қабылдаудың ең өзекті тақырыбы – теміржолшылардың әлеуметтік бағытта жан-жақты қамтамасыз етілуі болды.
– Қоғамдық қабылдау күнінде 20 шақты теміржолшының талап-тілегі тыңдалды, олардың дені әлеуметтік тұрғыдағы мәселелермен келіпті. Бүгінгі тақырыптық қабылдауда бөлімше бойынша жұмыс жасайтын мүмкіндігі шектеулі және отбасында осындай өзгенің қолдауына мұқтаж жандары бар теміржолшылардың хал-жағдайы тыңдалды. Оларға құзырлы органдардан берілетін әлеуметтік, материалдық және медициналық көмектердің қолжетімді болуы, оны алуы үшін тиісті құжаттарды әзірлеу жолдары және ұжымдық шартта көрсетілген жеңілдіктерді тиімді пайдалана білуі жайында көмек пен кеңес берілді, сауалдарын оңтайлы шешу жолдарын қарастырды, -дейді Қызылорда ЖТ бөлімшесінің қызметкерлер құрамымен жұмыс жасау бөлімі бастығы Нұрлан Бимұратов.
«Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Елбасы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлінгенін айрықша атап, оларды белсенді өмірге бағыттау «Нұр Отан» партиясының басты міндеті екенін айтып өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба аясында азаматтарға әлеуметтік, денсаулық саласы бойынша жәрдем алуда мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері мен шарттарын білуге, сондай-ақ, толғандыратын сұрақтары бойынша нақты жауаптар алуға мүмкіндіктері барын ескертті.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды