Көмір жеткізу кестеге сай
Жуырда ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің Семейге келген сапарында Қаражыра көмір кен орнында көшпелі кеңес болды. Оған облыс басшылығымен қатар «Қаражыра» АҚ жетекшілері, «Балапан көлігі» ЖШС мен қатты отын тасымалымен айналысатын басқа да компания өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сөз болған ең өзекті мәселе – көмір тасымалы, энергетикалық объектілерге отын жеткізу, т.т. болды. Бүгінде елімізде 10 ірі көмір қазатын кәсіпорын жұмыс атқарады. Соның бірі «Қаражыра» АҚ кен орнының қоры 1 миллиард тонна көмірді құрайды, ол өз кезегінде бүкіл республиканы үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен.
«Қаражыра» АҚ 23 жыл ішінде 100 млн тоннадан аса отын өндірген, карьер разрезінде өндіріс көрсеткіштері жыл сайын артуда. Сәйкесінше, көмір тасымалы да жыл санап артып отыр. Басты әріптес «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып отыр. Мәселен, алдыңғы жылы 5,9 млн тонна өндіріліп, тасымалданса, өткен 2017 жылы бұл көрсеткіш 6,8 млн тоннаға жетті. Оның басым бөлігі Семей ЖТ бөлімшесіне тән. Осының арқасында ҚР электр станциялары, қазандықтар және коммуналдық-тұрмыстық объектілерге көмірді тиеп жөнелтуде кедергілер болған жоқ. Осылайша, өткен жылы жылу көздеріне 2 млн 600 мың тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға – 800 мың тонна, коммуналдық-тұрмыстық секторға 2 млн 600мың тонна көмір жеткізілген.
ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсылықов атап өткендей, разрездегі көмір өндірісі жемісті жүргізіліп жатыр.
Жергілікті Қаражыра көмір кенішімен басты әріптес «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен арадағы келісім аясында қысқы отын тасымалы жыл санап артып келеді. Бір мысал, өткен жылы көмір тиеу 1 233,3 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш – соңғы жылдары орын алмаған жайт. Тасымал көлемінің бұлайша ұлғаюына бір есептен тапсырыс берушілер қатарының артуы да себеп. Сондай-ақ, байырғы клиенттер Защита мен Жаңа-Өскемен, «РК-1» сынды бірқатар алпауыт жылу электр орталықтарының сұранысы да еселеп артқан. Қазіргі күні ел шығысындағы жылу электр станцияларына қатты отынды Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары уақытында жеткізіп отыр.
Қуаныш Қожаев,
Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды