Жүз рет естігеннен, бір рет көрген жақсы

Жаңалықтар
20.02.2018, 12:17
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясында  техникалық дәріс бөлмесі ашылды. Дистанцияда еңбек ететін мамандар, әсіресе  электр монтерлары үшін бұл тиімді болып отыр. Өйткені, не нәрсені болсын, жүз рет естігенше, бір рет көрген жақсы деп санайды дистанция басшылығы. Бұрын электрмен жабдықтау дистанциясына  қарасты мамандар тек дистанцияның желілік аудандарында ғана техникалық залда дәріс оқитын болса, міне, бүгінде мәжіліс залы базасында ашылған техникалық дәріс кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.  Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының оқу шебері Гүлшат Сабырованың айтуына қарағанда, техникалық кабинетте айына кем дегенде екі рет дәріс өткізілу жоспарланып отыр. Және оған барлық аудандық тораптардан электр монтерлары қатысуы міндеттелмек. – Залға 10 шақты компьютер қойылды. Арнайы көрнекі құралдармен жабдықталды. Қабырғада электр монтерларының қауіпсіздік үшін қолданатын құралдарының макеттері ілулі тұр. Сонымен бірге, проектордың көмегімен слайдтарды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған, қысқасы, техникалық кабинетті жабдықтауға едәуір күш жұмсалды, - дейді Гүлшат Сабырова. Дәріс бөлмесін жасақтауға оқу шебері мен бас инженер көп күш жұмсап, жауапкершілікпен атсалысыпты. Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы аумағында 7 желілік аудан бар. Мекемеде 200-ден астам адам қызмет етеді.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды