Қыстың өз қызығы бар  

Жаңалықтар
20.02.2018, 12:20
Оқуға 2 мин
Семейлік теміржолшылар биыл қысқы спорт түрлері бойынша ерекше белсенділік танытуда. Атап айтсақ, жуырда қала орталығындағы «Спартак» спорт кешеніне барып, шаңғы спорты бойынша президенттік тест тапсырды. Бұл шараға осы жолы жүзге жуық теміржолшы жиналған екен. Белгіленген норматив бойынша ерлер 3 км  жерді шаңғымен жүріп өтулері тиіс болса, нәзікжандылар қауымы 1,5 км қашықтықты мейлінше аз уақыттың ішінде бағындырулары міндетті болатын.   Алғашқы болып төрт қатар шаңғы жолағымен жолға шыққан әйелдер қауымы жоғары нәтиже көрсетті. Әсіресе, салауаттылықты өмір салтына айналдырған бірқатар егде буын өкілдері топ арасынан қара үзіп шығып, ерекше көзге түсті. Атап айтсақ, осыған дейін де спорттың сан түрінен үздік атанып жүрген жандар мәреге алғашқы болып жетті. Әйткенмен, тәжірибенің аздығынан уақыттан ұтылып жатқандар да табылды. Қысқы спорттың осынау түрі бойынша жыл сайын қаңтар-ақпан айларында шаңғы жолына шығу семейлік теміржолшылар үшін дәстүрге айналған. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқының спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары аясында ел тұрғындарына қысқы мезгілде шаңғы жолына шығып, жылдамдық пен шеберлікті анықтауда тест тапсыруды міндеттегені белгілі. – Спорттың бұл түрі бойынша жарысқа қатысуға көпшілік теміржолшылар құлшыныс білдірді. Олардың арасында аға буын теміржолшылардың көп болғаны қуантады. Жыл өткен сайын жас та қосылады, салмақ та артады. Алайда, биылғы көрсеткіш бұрынғы жылдардағыдан еш кемімеген. Ал осынау спорттық шаралардың бәрі ел Президенті Н.Назарбаевтың 2020 жылға қарай Қазақстан халқының 30 пайызының тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау туралы міндеттемесі жолында ұйымдастырылып отыр, - дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова. Спорттық шараны ұйымдастыруға атсалысқан әр мекемедегі кәсіподақ комитеті төрағалары мен бөлімдер басшылары қатардағы теміржолшылармен бірге шаңғы жолына шыққан. Қатысушылардың ынтасы мен көңіл-күйлері күннің шытымыр аязына қарамастан өте жоғары болды. Спорттық шараны өткізуге демеушілік жасап, арнайы автокөлік бөлгізген ПЧ-39 бен ПЧ-40 жол мекемелеріне айтылар алғыс зор дейді ұйымдастырушылар. Ал президенттік тест тапсыру сынында үздік шыққан барлық теміржолшылардың жеке фотосуреттері мен жарыстың қызықты сәттерін бейнелейтін көріністерден бөлімшеде арнайы мүйіс жасалып, композициялық стенд әзірленетін болады.

 Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

 
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды