Тараздық түлектерге сұраныс жоғары

Жаңалықтар
20.02.2018, 12:27
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еңбек нарығы талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті кадрларды  дайындау қажет» деп атап көрсеткен болатын.  Ал Елбасы саясатын жүзеге асыруда 85 жылдық тарихы бар, талай теміржол тарландарын ұшырған облыс орталығындағы №13 Тараз теміржол колледжінде жұмыс жүйелі жүруде. Өткен аптада колледж директоры Нұржан Нұралиев өткен жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. 2014-2015 оқу жылында оқу корпустары күрделі жөндеуден өткен колледжде 2015 жылы 100 студентке арналған жатақханада бой көтерген. Ал 2017-2018 оқу жылында колледжде 671 студент білім алып жатыр. Білім ордасында:  «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу,техникалық қызмет көрсету» біліктілігі бойынша  – «Электровоз машинисінің көмекшісі», «Вагон қараушы» мамандықтары, «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» біліктілігі бойынша – «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электромонтері» мамандықтары, «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» біліктілігі бойынша – «Теміржол стансасының кезекшісі» мамандары даярланады. –  ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдағы бағдарламасы бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру» біліктілігі бойынша – «Аспаз» мамандығына 25,  «Токарлық іс және металл өңдеу» біліктілігі бойынша «Токарь» мамандығына 25 студент қабылданды. Ал  11-сынып негізінде «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу,техникалық қызмет көрсету» біліктілігі бойынша  «Электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығына 25 студент қабылданды. Колледж 31 әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс атқарады. Олардың ішіндегі ірі мекемелер – ЖТ-Жамбыл бөлімшесі, Тараз локомотив жөндеу депосы, Жамбыл локомотив пайдалану депосы, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы, Жамбыл жол дистанциясы сынды темір жол мекемелері. 2017 жылы «Белгі беру, орталықтандыру, блоктау электромонтері» мамандығын  дуальды оқыту жүйесін енгізу мақсатында  Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясымен меморандум жасалынды. Оның қатарында арнайы пән оқытушысы Ж.М.Тайбеков «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ  «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша «Жылжымалы құрам құрылымы» – «Структура подвижного состава» оқу әдебиеттерін сынақтан өткізуші сертификатымен марапатталғанын мақтаныш  етеміз. Өткен жылы колледж аумағынан Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде «Түлектер аллеясын» аштық. Оны еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген түлектеріміз өздерінің бас қосатын орнына айналдыруды ниет етті. Бұл кешегі мен бүгінгінің байланысы, ұрпақтар сабақтастығы деп ойлаймын, - деген колледж директоры Нұржан Тоқбергенұлы тараздық оқу орны түлектеріне сұраныс жоғары екенін мақтанышпен жеткізді. 

Арсен Байзақ, Тараз

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды