«Қанағаттанарлық» деп бағаланды

Жаңалықтар
23.02.2018, 11:47
Оқуға 2 мин
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің мәжіліс залында бөлімше кәсіподағы төрағасы аймақ теміржолшыларының алдында бір жыл ішінде атқарған жұмысының есебін беріп, көпшіліктің сын пікірін тыңдады. Кәсіподақ төрағасы Мұхтар Көпірбаевтың есебін тыңдауға бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев, Қазкөліккәсіп филиалы төрағасы Өмірбек Жүсіпов, мекемелердің кәсіподақ ұйымы жетекшілері және бөлімшеге қарасты мекеме басшылары мен теміржолшылар қатысты. Кәсіподақ ұйымы төрағасының жұмысына байланысты бөлімше директоры да оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірін білдірді. – Бөлімшеде, оған қарасты филиалдарда еңбек ететін  кез келген теміржолшы, кез келген қызметкер, мейлі ол қандай мамандық иесі болмасын, ешкімді бөліп-жарып қарамаймыз, бәрі де өзіміздің әріптесіміз. Әрбір жан атқарған жұмысына байланысты құрмет көруге, тиісті жеңілдікті пайдалануға құқылы. Сондықтан, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қамқоршы және дәнекер болып жұмыс жасайтын кәсіподақ ұйымы өкілдерінің  ролі айрықша болуы керек. Жұмыс болғаннан кейін қиыншылық, түсініспеушілік, шешімі табылуы тиіс сұрақтар болып тұрады, осындай келеңсіздіктердің дер кезінде оңтайлы шешімі табылуы үшін ынтымақ шеңберінде жұмыс жасауға тиіспіз, - деген Аманкелді Арысбаев бөлімше кәсіподағы ұйымы төрағасы Мұхтар Өмірзақұлының атқарған жұмысына  қанағаттанрлық баға берді.   Жиын барысында бөлімше теміржолшыларының арасында кәсіби міндетін мінсіз атқарумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ісімен өзгелерге үлгі болып жүрген кәсіподақ ұйымының үздік қызметкері Ербол Сембиев ҚБ атынан жылдың «Жас кәсіподақ қызметкері» аталымы бойынша дипломмен марапатталды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды