Отты жылдар естелігі

Жаңалықтар
23.02.2018, 12:45
Оқуға 2 мин
Бурабай курорты станциясында  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай спорттық турнир ұйымдастырылды.  Локомотив пайдалану депосының спорт залында шағын футболдан шымылдығын түрген турнирде  Ақмола ЖТ бөлімшесі мен Бурабай курорты станциясы кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен турнирге теміржолшылардан құралған  8 команда қатысып, өзара бақ сынасты.  Кілең «сен тұр – мен атайын» деп іріктеліп шыққан команда ойыншылары бір-біріне дес бермей тартысты ойын үлгісін көрсетті. Бірақ мықтының да мықтысы бар демекші, Бурабай рельс дәнекерлеу кәсіпорнының жігіттеріне жететін команда жоқ екені бір-екі айналымда-ақ белгілі болды. Жеңіс туын желбіреткен команда арнайы кубокты ұтып алды. Ал жүлделі 2-орынды жергілікті желілік полиция жігіттері иеленсе, локомотив пайдалану депосының командасы үшінші орынды місе тұтты. Үздік ойыншылар мен жүлдегер командалар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас теміржолшылар ауған соғысына қатысқан 12 ардагер-теміржолшыға құрмет көрсетіп, естелік әңгімелерін тыңдады. Ауған даласында мерт болған интернационалист жауынгерлерді  бір минуттық үнсіздікпен еске алды. – Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтар ішінде мен де бармын. Сонша жыл өтсе де ауған даласы естен кетпей, ауық-ауық жан жарасы мазалайтынын несіне жасырайық.  Бүгін жас  буынның құрметі мен қошеметін, өткенді білсек деген ниетін көріп, қатты қуанып та толқып отырмын, - деп алғысын білдірді Бурабай курорты станциясы техникалық бөлімінің инженері,  ауған соғысының ардагері  Кәриғұл Көмеков. Ал ауған соғысының тағы бір ардагері  Нұрбек Әбілқасымов гитарамен «Ауғанстан» атты әнді шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.    

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды