Мұнай тасымалына – жаңа жол
Жаңалықтар
02.08.2016, 10:56
Бұдан былай Атырау мұнай өңдеу зауытынан тасымалданатын мұнай өнімдері қала ішімен емес, сыртымен жөнелтілетін болады. Осы мақсатта бұрыннан бар темір жол тұйығы жаңартылып, қосымша жолдар салынып жатқанын жазған болатынбыз. Үкіметтік деңгейде қолға алынып отырған маңызды жоба қыркүйекте толық аяқталады деп күтілуде.
Бүгінде Атырау МӨЗ барлық өндірілетін мұнай өнімдері мен мұнай тасымалдау «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Атырау бөлімшесіне қарасты Ақжайық станциясы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда станцияның қабылдау-өткізу мүмкіндігі шектеулі, станцияны техникалық жағынан жаңалау мүмкін емес. Себебі, станцияның қабылдау-жіберу жолдары тек 58 вагон-цистернаны сыйдыра алады. Ал, Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) жүк айналымы артқан себепті, станцияның вагон айналымы ең максималды көрсеткіші – күніне 280 вагон қабылдап-жіберуге дейін жеткен.
Жалпы, бұған дейін жүк вагондарының қозғалысы қалада шу тудыруы, тасымалданатын жарылғыш және улы заттар зауытқа жақын орналасқан үйлердің тұрғындарына қауіп-қатер төндіретіні себепті темір жолды қала сыртына көшіру мәселесін қала әкімшілігі, облыстың экология департаменті, санитарлық, экологиялық қызмет мамандары осыған дейін жиі көтеріп келген болатын. Яғни, Ақжайық станциясының бұдан былай Атырау МӨЗ-дің жүк тасымалдау көлемі талаптарына сай келмегендігінен, Теңдік станциясынан Атырау МӨЗ-ге дейін айналма темір жолының құрылысы өткен жылы басталып кеткен болатын. Жаңа салынған Промышленная станциясы болса тәулігіне 330 вагон қабылдап-жөнелту мүмкіндігіне ие. Атырау МӨЗ-дің мұнай өңдеу көрсеткіші жылына 5,5 млн тоннаны құраған кезде станцияның жүк тиеу көрсеткіші 73 пайызға артады. Көлік инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Атырау МӨЗ-дің барлық жүк айналымы Теңдік станциясы арқылы өтіп, Промышленная станциясында өңделетін болады. Қазіргі таңда Промышленная станциясының құрылысы 90 пайызға аяқталып тұр.
Сонымен, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ мен «PETROLEUM» ЖШС-нің қаржыландыруымен бұрыннан бар темір жол тұйығы жаңартылып, қосымша жолдар салынып жатыр. Өткен жылдың ақпанында қазақстандық «ГлобалСтройСнаб» ЖШС бұл жобаға бас мердігер болып белгіленіп, жолдың жоғарғы қабаттарының құрылысы өткен жылдың тамызында басталып кеткен еді. – Бұл өте маңызды жоба. Себебі, Атырау жылдан-жылға өсіп дамыған сайын оның ортасында Атырау мұнай-өңдеу зауыты қалып қойды. Тек зауыттың өзінен 200-дің үстінде вагон тиелетінін ескерсек, оның бәрі вагондар арқылы қала ішімен жөнелтілуде. Ал, зауыттан қалаға кіре берісте көптеген темір жол өткелдері бар, мұнай құйылған цистерналар сол жермен өткенде автокөліктерге кептелістер тудырады. Енді бұл вагондар қала сыртына ауысқанда, автокөлік иелеріне де жол ашылып, қала да жеңілденеді. Негізі, зауыт пен темір жолдың жұмысы бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Екеуі бір-бірінсіз күнелте алмайды. Өйткені, зауыт мұнайды тұрбалар арқылы тасымалдай алмайды, себебі «бензин», «дизтоплива» секілді шикізаттарға мұнай құбыры желісі жоқ. Сол себепті мұнайды цистерналармен темір жол арқылы тасымалдауға тура келеді. Өз кезегінде Теңдік станциясының күрделі жөндеуден өтуі мен дамуы, соған байланысты Атырау МӨЗ-дің жүк көлемінің Теңдік станциясына ауысуы қалаға жақын орналасқан Ақжайық станциясын тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Сондай-ақ, Теңдік станциясының өткізу мүмкіндігін жетілдіреді, – дейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ- ның «ГП» Атырау бөлімшесі» филиалы директоры Бөріхан Сматоллаұлы.
Филиал директорының айтуынша, АМӨЗ-ден басқа да зауыттарға қала ішімен баратын бұрыннан салынған темір жолдар сол күйі қала бермек. Оның қажеттілігі сол – зауыттарға басқа мекемелерден келетін құрал-жабдықтар, азық-түлік секілді қажетті тауарлар вагондармен осы жолдар арқылы жеткізіледі.
Жолды жетілдіру жобасы аяқталған соң Атырау МӨЗ жалпылама жүк айналымы көрсеткішін арттыруды, жүк қабылдауда мұнай көрсеткішін жылына – 500 мың тонна, жүк жіберуде бензин көрсеткішін 1626 мың тонна, дизель отынын – 1537 тоннаға, параксилолды – 498 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.
Стратегиялық маңыздылығы жоғары жобаның іске асырылу барысын «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ, «Атырау МӨЗ» ЖШС, «PETROLEUM» ЖШС және «Қазақстан темір жолы Жүк тасымалы» АҚ-ның Атырау бөлімшесі филиалы жіті назарда ұстап отыр.
Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,
Атырау
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды