Станция жолдары жаңартылуда

Жаңалықтар
27.02.2018, 11:16
Оқуға 2 мин
Ел шығысында орын тепкен Аягөз жол дистанциясы өткен жылды жемісті аяқтап, ағымдағы жылды бірқатар жоспарлы шаралармен бастады. Қазіргі күні дистанция жол табанын сауықтыру ісінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп, алдағы уақытта өтетін күрделі жөндеуге жан-жақты даярлық жасауда. Десек те, таяуда орын алатын жаңашылдықтар қатары бір мұнымен шектелмейді. Аягөз жол дистанциясы үшін өткен жылғы бір ерекшелік сол, станция басындағы кірме жолдарға ерекше көңіл аударылған-ды. Бұл ретте, өңірдегі іргелі, тораптық Аягөз станциясының өз басында 0759 км аумақтың кірме жолы күрделі жөндеуден өткен болатын. Сонымен қатар, желі бойындағы жол машиналарының жұмысы нәтижесінде жол сапасы анағұрлым артып, балдық көрсеткіш жақсарған. Ендігі аралықта жолшылар жылдық жоспар аясында жаңа шараларға кіріспек. Атап айтсақ, қозғалыс жиілігі аса жоғары, маневрлік жұмыстар толассыз жүргізілетін станция басын жаңарту бірінші кезекте жолға қойылып отыр. Соның аясында 9,6 км аумақтың жолы толықтай күрделі жөндеуден өткізілмек. Яғни, жөндеу жүргізу барысында ескі рельстер ауыстырылып, станция жолдары жаңаланатын болады. Сонымен қатар, 3,2 км жердің түйіспесіз желісін ауыстыру көзделуде. Бұл жұмыстар Темекілі мен 27 жолайрығы және Ақболат – Таңсық қумажолында орын алмақ. Бұдан өзге күрделі көлемде жол машиналарының жұмыс істеуі де жоспарланып отыр. Қазіргі күні ПЧ-42 мекемесі жұмыс жобаларын пысықтап, іс жүргізу барысын жүйелеп, материалдық-техникалық база бойынша даярлық шараларын жасап жатыр.    Бүгінгі таңда Аягөздегі ПЧ-42 мекемесінде 140-тың үстінде жол монтері еңбек етуде. Олардың көпшілігі – мол тәжірибелі мамандар. Жалпы, жұмыс күші жеткілікті.  Тәжірибелі басшы, жол шаруашылығының маманы Нұрлан Шәріпқанов жетекшілік ететін  жол дистанциясының қарамағына қазіргі күні Ақтоғай-Аякөз-Жарма аралығындағы 225 км телім кіреді. Бұл телім бойындағы жұмыстың өзіндік ауыртпашылығы бар. Атап айтсақ, 225 бас жолдың тек жүз шақырымдайы ғана темірбетонды түйіспесіз жол екен. Қалған бөлігінде әлі күнге дейін ағаш шпалдар жатыр. Сондықтан да жол күтімі жоғары болуы керек. Осыны міндет тұтқан аягөздік жолшылар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын жақсарту мақсатында бұрынғы жылдармен салыстырғанда қарқынды жұмысқа көшкен. Өткен жылғы жоспарлы шаралардың мерзімінде аяқталуы осыған дәлел болса керек-ті. Дистанция бойынша межеленген басты жаңашылдық сол – 70 шақырымдық станциялық жолдар мен 219 бағыттамалы бұрмаларды темірбетонға ауыстыру ісі кезеңімен жүргізілуде. Техникалардың берілуінде кедергі жоқ. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар биыл да қарқынмен жалғастық таппақ. Дистанция басшысы Нұрлан Шәріпқановтың айтуынша, ағымдағы жылы «Desec» жол техникасының  көмегімен 8 бағыттамалы бұрманы ауыстыру да межеленіп отыр.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды