Машинист әйелдеріне құрмет
Өткен жылдың қортындысы бойынша тасымалдау жұмысын 14 млн 509 мың тонна-км бруттоға жеткізіп, бекітілген жоспарды алдыңғы жыл қорытындысымен салыстырғанда 102,4 пайызға артығымен орындаған Қызылорда локомотив пайдалану депосы машинистерінің жұбайларымен ерекше форматта кездесу ұйымдастырылды.
Қозғалыс қауіпсіздігіндегі жауапты тұлға машинист пен машинист көмекшілерін сапарға шығарып салып, қарсы алып, отбасы берекесін кіргізіп отырған олардың үйдегі жұбайларымен кездесуде Қызылорда локомотив пайдалану депосының басшысы Жұлдызбай Мұсаев бүгінгі басқосуда депоның жұмыс көрсеткіштеріндегі жетістіктерімен машинистердің жұбайларын да құлағдар етіп, сол арқылы бұл табысқа олардың да үлесі барын паш етіп, сол үшін алғыс айтуға ниетті екенін жеткізді.
– Былтырғы жыл қорытындысында локомотивтің жалпы жүрісі 8081 км, орташа тәуліктік өнімділік 2835 км, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі 861 км құрап, бекітілген жоспар артығымен орындалып отыр. Қазіргі таңда ұжымда 319 тепловоз машинисі, 320 тепловоз машинисінің көмекшісі жұмыс жасайды. Депо еңбеккерлеріне сапалы жұмыс жасау үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Кабинеттер заман талабына сай техникалармен жабдықталған, тепловоздар уақытылы жоспарлы жөндеуден өтуде. Мамандардың кәсіби біліктілігін жоғарылатуға үлкен назар аударылуда. 2017 жылы тепловоз машинисіне 10 адам оқыттық. Оның ішінде 8 машинист көмекшісі жедел түрде емтихан тапсырып, локомотивті басқару куәліктеріне ие болды, 3 тепловоз машинисі өздерінің біліктілігін жоғарылатты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың еңбек жалақысы 15 пайызға көтерілді. Ұжымдық шарт бойынша материалдық көмек тұрақты көрсетіліп отыр, – деді өз сөзінде депо басшысы.
Өткен жылы Ұжымдық шарт негізінде 221 теміржолшыға 4 млн 494 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліп, емдеу-сауықтыру шипажайларына жолдама алған 42 адамға 6 млн 651 мың теңге төленген. Балалардың жазғы лагеріне барған 63 балаға 4 млн 205 мың теңге жұмсалған. Жұмысшылардың кезекті еңбек демалысындағы біржолғы жүру билеттері де төленуде. Салалық жәрдемақы ұжымда 151 адамға берілген. Осының бәрі – депо теміржолшылары мен олардың отбасы мүшелеріне Ұлттық компания тарапынан қарастырылған жеңілдіктер.
Сапарға шығатын машинист пен оның көмекшісінің психологиялық, моральдық тұрғыдан тосын ойдан ада, физикалық жағынан тың халінде жұмысқа аттануына ең әуелі олардың отбасындағы жағдай мен ұжымдағы аура әсер етері сөзсіз. Осындай жұмыс жасауға кері әсерін тигізетін келеңсіздіктердің алдын алу үшін өткізілген жиынға қатысқан 70-ке жуық машинист пен машинист көмекшілерінің әйелдері де өздерін теміржолшыдай сезінетіндерін жеткізді.
– Менің ата-енем осы деподан зейнетке шыққан болатын, кезінде олар мені осындай жиналысқа ертіп келетін. Мен де бүгін осында келінімді, машинист көмекшісі Нұрсұлтанның келіншегін, ол да машинистің жұбайы қандай болу керектігін білуі тиіс деп ертіп келдім. Осындай ұжым мүшелерінің жұбайларын жинап жатқан теміржолдан басқа қандай мекемені айта аласыздар, – деді машинист Ергеш Садықовтың әйелі Аманкүл.
Рейске шығар алдында отбасы мүшелерінің арасында туындайтын түсініспеушілік мәселелерді болдырмай, машинистке жүктелген жауапкершілікті жұбайларына түсіндіріп, оларға психологиялық көмек және тәжірибелік кеңес беру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде өте жылы, өзара әңгіме-дүкен ретінде өтті. Қызылорда локомотив пайдалану депосының басшылығы атынан 16 әйелге Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тарту етілсе, партияның «Теміржол» филиалы төрағасының атынан 3 әйелге Алғыс хат табысталып, жиын соңында сыр өнерпаздарының концерті тарту етілді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды