Қызметтері – құжат өңдеу

Жаңалықтар
27.02.2018, 11:56
Оқуға 2 мин
Түркістан станциясындағы құжат өңдейтін техникалық кеңсе мамандарының көзге көрінбейтін, сырт қарағанда өнімсіз, бірақ өте жауапты жұмыстары қиын да күрделі.  Қандығаш пен Арыста сұрыпталатын транзиттік пойыздардың құжаты Түркістанда тексеріледі. Құжат өңдейтін мамандардың көзге көрінбейтін, бірақ аса жауапты жұмысының арқасында пойыздар уақытынан кешікпей, жүк иесіне тез жетеді. Қандыағаш, Белкөл, Қызылордадан қандай жүк пойыздары келе жатқанын олар алдымен компьютерден көріп алады. Келген соң машинист құжат толтырылған папкіні темірден жасалған кішкентай бункерге тастап кетеді. Оны құжат тасымалдаушы көтеріп, техникалық кеңсеге жеткізеді. Осыдан әрі олардың «сары майдан қыл суырғандай» жұмыстары басталады.  – Көрші станция жіберген құжатты қолға алып, компьютердегі нұсқасымен салыстырамыз. Арысқа барған соң бізден кеткен құрам қайта шашылып, құрастырылады. Құжатта вагонның салмағы мен ұзындығынан бастап жазылады. Бір пойызда тіркелген 60 вагонның алпыс құжаты бар. Кейде 10 вагонға тиелген тауарға – бір, арасында 1 вагонға бір құжат келеді. Құжатсыз вагондарға коммерциялық акт түзіледі. Бір тәулікте алты пойыз, алпыс вагонның 360 құжаты қаралса, оның біреуін 10-20 минутта тексеріп шығамыз, - дейді 38 жылдан бері осы салада еңбек ететін автоматтық басқару жүйесінің (АСУ) маманы Нұржанат Садықбекова.   Кеңседегі 25 маман әр ауысымға бесеуден түседі. Кеңсе бастығы Мәди Сәдиұлының айтуынша, пойыздың тоқтау уақыты әртүрлі. Өңделмейтін пойыздар 25 минут аялдайтындықтан, тек локомотив бригадалары ауысады. 40 минут тұратын пойыздардың құжаты өңделеді. Келген пойыздың қашан кететіні  жазылатындықтан, пойыз құрастырушылар сол уақыттан кешікпей жұмысын бітіруге үйренген. Күніне орта есеппен алғанда екі бағытқа 18-20 пойыз өтеді. Арасында Түркістаннан құрастыратын бес пойыз бар. Жезқазған – Бейнеу жолы ашылғалы бұрын осы аралықтан өтетін он құрам сол жолмен жөнелтілуде екен. – Кеңес кезінде Түркістан тәулігіне 40 пойызға дейін жіберіп тұрған екен. Вагондар ол уақытта да тескеруден өтіп, құжаты қаралған. Теміржолшылар көп болғандықтан, кестеге үлгерген. Бізде де жастарға үлгі боларлық жандар аз емес. Осында 30-40 жыл бойы тер төгіп келе жатқан Шырынкүл Адырбекова, Фархат Әшірова, Зарипа Қадірходжаева сынды мамандарды мақтан тұтамыз. Құжатты тасымалдаушылар  жұмысы да оңай емес, алпыс вагонның құжатын көтеріп әкеліп, қайта апарып, екі ортада жүреді. Кейде әр 20 минут сайын, сосын 1 және 2 сағат сайын пойыз келеді. Пойыздарының арасы жақын болса, жанталас басталып, құжат өңдеуде қыздар сенікі-менікі жоқ,  бір-біріне көмектеседі. Әйтпесе үлгермейді. Осылай, бір тәуліктің қалай өткенін байқамай қаламыз, - дейді Мәди Сәдиұлы.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды