Алғыс арқалағандар
Алғыс айту күні қарсаңында «ардагерім – ардағым» акциясы аясында қызылордалық жас теміржолшылардан құрылған еріктілер тобы теміржолшы зейнеткер, жалғызбасты қария Шырынкүл Сатыбалдиеваның үйіне барып, отбасы тіршілігіне көмек жасады.
Өмір жолының 33 жылын теміржол саласына арнаған Шырынкүл әжей бір жасы кем сексенде. Отыз жыл бұрын өмірден озған шалы Мұқан Сатыбалдиевтің орнын жоқтатпай, бала шағасын жеткізем деп қара жұмыс істеген кейуана қазіргі таңда өткен күнге шүкіршілік етіп, алдағыға үмітпен қарайды. Себебі мүгедектікке шалдыққан баласының аяғына тұрып, тіршілік жасап кеткенін көру – арманы.
Жағдайын сұрай келген теміржолшы жастарды көріп Шырынкүл әже қуанып қалды. Мүгедектікте отырған баласы алаңдататынын айтып, көңілі босағаны болмаса, ардагер әжейдің жағдайы жақсы. «Нұр Отан» партиясы атынан келген теміржолшы жастарға, ардагерлерді назарда тыс қалдырмай отырған Елбасының саясатына ризашылығын білдіріп, баласына да үкімет тарапынан қажет көмектерін алып жатқанын айтты.
Ерікті теміржолшы жастар аула тазалап, қарияның қора-қопсысын ретке келтіріп, ауыр жұмыстың бәрін бірнеше сағатта тап-тұйнақтай етіп, қарт ананың алғысын алды.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды