Менің мектебім – мұражай
Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржолшылар мұражайының есігі үнемі айқара ашық тұрады. Теміржол басқармасы ғимаратына кірген кез келген жанды «менмұндалап» шақырып тұратын тарихи орда жәдігерге бай.
Келесі жылы құрылғанына 30 жыл толатын мұражайда Батыс Қазақстан теміржолының құрылып-қалыптасу тарихы мен оның дамуы туралы құнды деректер мен мағлұматтар, сонау Ташкент-Орынбор теміржолы кезінен бергі жәдігерлер мол жинақталған.
Соңғы екі жылдан бері мұражай меңгерушісі қызметін атқарып отырған Анар Жұбаеваның айтуынша, мұражай оның мектебіне айналған. Талай құнды деректермен таныстырған сарғайған газет қиындылары, альбомдар мен тарихи құжаттармен қоса жылжымалы құрамдардың макеттері, жез қоңырау, т.т. өткен ғасырдан сыр шертіп, сол дәуірдің жанды суретін көз алдыңа келтіретіні анық деп санайды.
Батыс Қазақстан темір жолында еңбек сіңірген, әр түрлі жылдары өз қызметтерін атқарған атақты теміржолшылар стенді де тағлымды да бай дереккке толы. «Сонымен қатар, осыдан шамамен он-он бес жылдай бұрын ашылған Хромтау-Алтынсарин теміржол тармағы, Жезқазған-Бейнеу жаңа темір жолы құрылыстарына қатысты стендтер пайда болды.Енді, міне, Ақтөбе рельсарқалық зауытының ұрылысы, жұмысы мен технологиялары туралы ақпарат беретін стенд жасалынып жатыр», – деп мәлімет берген музей меңгерушісі біздің мұражайға саяхатымызды ұйымдастырған еді.
Таяуда мұражай құрылымында өзгерістер болды. Бүгінгі таңда мұражай Астана қаласында орналасқан ғылыми-техникалық ақпарат және сараптама орталығының қарауына өтті. Мұражай экспонаттары мұражай қорының журналына сәйкес тізімге алынып, автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізіліп жатыр.
«Мұражай қорын электронды базаға енгізу барысында барлық экспонаттар фотоға түсіріліп, әрбірінің сипаттамасы толтырылды», – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ғылыми-техникалық ақпарат және сараптама орталығының басшысы Майра Өмірзақова.
Бүгінде мұражай ауданы 375 шаршы метрді құрайды. 362 экспонаттың 155-і негізгі қорда тіркелген, қалғандары – мұрағаттағы құжаттар мен фотокарточкалар, т.б.
«Бізге экскурсияға қаладағы оқу орындарының студенттері мен оқушылары жиі келеді. Болашақ теміржолшылар да бар, өндірісте жүрген қызметкерлер де бар, қызығушылық тек артып келеді. Жастар жағы пойыздардың, тепловоздар мен паровоздардың, вагондардың кішкентай макетін қызықтаса, аға буын құжаттар мен фотоларға ұзақ шұқшияды, ондай кезде олармен өзім білетін дерек пен дәйекті бөлісуге дайын тұрам», – дейді мұражай меңгерушісі.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды