Балалы үйдің бақыты

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:29
Теміржол станциясында тауар кассирі болып жұмыс жасайтын Лаура Піржанова алты бала тәрбиелеп отырған келіншек. Батыр ананы Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, отбасымен танысып қайтқан біз балалы үйдің бақыты қандай болатынын көзімізбен көрдік.   Жосалы кентінде тұратын Әлішер мен Лаураның отбасы баланың кіршіксіз күлкісінен бақытқа бөгіп тұрған жып-жылы ұя  екені босағадан аттағаннан-ақ сезіліп тұрды. Отбасының үлкені Нұрасыл 13 жасқа, Бекасыл 11 жасқа толып, артынан ерген бүлдіршіндерді ойнатып отыр, оларға қамқор болуға жарап қалыпты. Сегіз жасар Гүлфайруз болса анасының нағыз жанашыры көрінді, қыз болғандықтан анасына қолғанат болып, асүйде дастархан жасап жүр. Ал бес жасар Сырым мен үш жасар Сауран және былтыр ғана дүниеге келген Бегім-сұлу  алаңсыз ойын құшағында, шағын шаңырақты шуаққа бөлеп жүр.  Қызығы таусылмайтын базарлы отбасының тіршілігі де толастамайды. Отағасы Әлішер де жұбайына көмектесіп жүріп, ара-арасында балаларының ойынына араласып, бірін мойнына мінгізіп, бірін арқасына салып, үлкендерімен алысып-жұлысып ойнайды – Лаура Піржанова 2003 жылдан бастап Жосалы станциясында тауар кассирі болып жұмыс жасайды. Сол кездерде станцияда жұмыс жасап тұрған мұнай-газ терминалының қым-қуыт жұмысы шаш етектен болатын. Терминалда жұмыс жасайтын теміржолшылар үшін демалыс деген болмайтын. Олардың арасында Лаура да жүретін екі өкпесін қолына алып жүгіріп. Бірақ еш уақыт шаршадым демейтін қайсарлығы сол кезде сезілетін. Сол қайсарлығы ғой, баласын да дүниеге әкеліп, көп ұзамай жұмысқа шығып, үйін де тап-тұйнақтай ұстап, бәріне үлгеріп отыр. Қазіргі таңда Әшірбековтер отбасында баланың санына, туылуына байланысты берілетін әлеуметтік, материалдық көмектердің барлығы Лаураға да берілуде. Біздің Ұлттық компанияның атынан да сый-сияпаттар келіп тұрады,– дейді Жосалы станциясының іс жүргізушісі Бағдагүл Исмағұлова. Әшірбековтер отбасының отағасы Әлішер станциядағы желілік полиция бөлімінде еңбек еткен запастағы офицер екен. Өзі – белгілі теміржолшылар әулетінің өкілі.  Лаураның анасы да 40 жыл теміржолшы болса, ағасы станция кезекшісі болып жұмыс жасауда екен. Қысқасы, екеуі де теміржолға кездейсоқ келген жандар емес.   Біз бір-бірімен асыр салып ойнап жатқан балалардың уайымсыз тіршілігін қызықтап, «бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген мақалды еске  алдық, яғни мына бүлдіршіннің әрқайсысының несібесі алатаудай шығар» деп ой түйдік, ата-ананың қамқор бауырында өсіп келе жатқан ағайынды алты баланы қызықтап.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Жосалы

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды