Жалтырлық жауқазын
Жалтыр станциясында дүниеге келген Лаура есі кіргеннен анасының етегіне жабысып, Қарадыр станциясында балалық шағын өткізеді. Түтінін будақтатқан отарбаларға қарап отырып, ойы шартарапты шарлайтын бүлдіршін қыз күндердің күнінде тағдыры теміржолмен тоғысатынын сезген де шығар...
Сондықтан «Шешеге қарап қыз өсер» демекші, теміржолшы анасына қарап бойжеткен Лаура болашақ мамандығын таңдайтын сәтте де ойланбастан Алматыға барып, М.Тынышпаев атындағы көлік академиясына оқуға түсті.
Лаура Өтебайқызы жоғары оқу орнын да ойдағыдай аяқтайды. Төрт жылдан соң табақтай дипломын құшақтаған жас маман туған жері – Жалтырға бет алады. Өзін енді студент жас емес, салиқалы маман сезінді. «Мен енді Лаура емес – Лаура Өтебайқызымын» деді анасына мақтанып дипломын көрсетіп жатып.
Бүгінде сол күндерді күліп отырып еске алады. Теміржолшы маман болып өзіңді мойындату тіпті де оңай емес екенін осы өткен жеті жылда жақсы түсінді. Станция басшылығы туған жерде қызмет еткісі келген жас маманға лайықты жұмыс беріп, барынша қолдау көрсетті, әрине. Бүгінде тауар кассирі Лаура Карашина басшылықтың сенімін ақтаған сыңайлы. Жұмысына байланысты сын емес үнемі мақтау естиді.
– Ауысыммен жұмыс жасаймын. Тауар кассирі жұмысының да жауапкершілігі жетерлік. Сондықтан ең бастысы қателеспеуге тырысамын, жалпы жұмыс қызық, көңілді, өзіме ұнайды. Соңғы кезде Жалтырда да жастар көбейіп жатқаны қуантады, – деген Лаураның ендігі мақсаты – көңіліндегі азаматты кездестіріп, отбасын құру. Болашақ жарының теміржолшы болғанын қалайтынын да жасырмады.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды