Ең әдемі келіншек

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:45
Оқуға 2 мин
Мариса Төлеубаеваның Ақтөбеге келін болып түскеніне 25 жыл болады. Ширек ғасырдан бері ата-енесімен бір шаңырақтың астында тұрып келеді. Екі жыл бұрын оның өзі де келін түсірді. Амандық болса, әулетте төртінші ұрпақ дүниеге келеді деп күтіп отыр. Батыс Қазақстан облысының Фурманов ауданында дүниеге келген Мариса Ақтөбеге білім қуып келіп, осында Ойылдың жігітімен бас қосып қалып қойып, ауыл-елге «ең әдемі келіншек» атанған екен.    «Әкем өмір бойы ауылшаруашылығы саласында еңбек етті, анам білім беру саласында есепші болды. Отбасыда 5 қыз, 1 ер ұл өстік. Мектеп бітірген соң үйдегі бауырлары секілді педагогика мамандығы бойынша жоғары оқу орнына құжат тапсырдым. Бірақ түбі теміржолда жұмыс жасаймын деп, шыны керек ол кезде үш ұйықтасам түсіме кірмепті» деп күледі ол. Кейіпкеріміз еңбек жолын Ойыл ауылында мектепте мұғалім болып бастаған екен. Араға жылдар салып, «Транстелеком» АҚ Ақтөбе филиалының кадр бөліміне қызметке келеді де біржолата тұрақтап қалады.   «Кадр бөлімінің жұмысы қызықты әрі жауапты. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер секілдісің, жұмысшының әлеуметтік жағдайын бақылау, ынталандыру, сыйақы, түрлі жеңілдіктерді, демалыс, т.т. ресімдеп отырудан еш шаршаған емеспін. Бүгінде «Транстелеком» компаниясы еліміздегі ең мықты іт-операторға айналуға әрекеттеніп жатқаны белгілі.  Соған сәйкес, жұмысшылардың да біліктілігі жоғары болуы керек. Кезек-кезеңмен білім жетілдіру курстарына жіберіп отырамыз. Отбасыдағы жағдайларға байланысты материалдық көмек қарастырылған. Тіс емдеу, еңбек демалысында курортқа жолдама, балалар лагері, т.т. жұмыстар жетерлік. Жолдасым мені үнемі қолдап отырады. Әйтпесе, мен 8 сағаттық жұмыста жүрем бе? Енем де балаларымды бағып-қағып, ер жеткізді. Екі ұл тәрбиеледік. Бүгінде өзім де ене атанған жайым бар. Амандық болса, немерелі боламыз деп күтіп жүрміз. Қазіргі жаңа жүйе бойынша әлі 20 жылдан кейін зейнетке шығады екенмін. Дегенмен, немереге қарайтын уақыт табамын ғой» деп күледі Мариса.  Бір отбасының жалғыз баласына тұрмысқа шыққан Мариса ата-енемнен бөлек тұрамын деп ойланып та көрмепті, күйеуі де әу баста жалғыз ұл болғандықтан әке-шешесімен тұратынын кесіп айтқан. «Жолдасымның анасы, енем мені өзінің қызындай бауырына басты. Қасына ертіп жүріп, барлығын үйретті. Ризамын ол кісіге. Кейде, «Мерейлі отбасы» секілді жобаларға қатысып, әулетімді мақтағым келеді», – дейді ол.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды