Заты әйел демеңіз...

Жаңалықтар
06.03.2018, 15:52
Оқуға 2 мин

Төл мереке қарсаңында ерекше құрметке ие болатын нәзік жандардың қатарында заты әйел болса да ер азаматтармен қатар теміржолдай алып саланың жасанды имараттарын жөндеушілер де бар. Астана ірілендірілген жол дистанциясының осы көпірлер мен құбырлар, су өткізгіштер күтіміне жауапты бөлімінде қызмет ететін үш арудың бірі – Жанар Иматова.

  Олар қыстың қаһары, жаздың аптабына қарамай, пойыз өтетін темір көпірлер, жолаушыларға арналған көпірлер, көпірасты құбырлар, тағы да басқа жасанды имараттардың тазалығы, бұрандаларының босап қалмауын қадағалап, қозғалыс қауіпсіздігіне үлес қосуда. Жұмыс көлігі немесе дрезиналармен дистанцияға қарасты ауқымды жерді алып жатқан темір жол бойында орналасқан жасанды құрылыстарға барып, жұмыстарын жасайды. Жалпы теміржолдағы қызметіне 11 жыл болған Жанардың бұл жұмысқа келгеніне 5 жылдан асты. Оңтүстікте теміржолшылар отбасында дүниеге келген ол теміржолшының қызы, отбасында ағасы екеуі ата кәсібін жалғапты.  – Астанада біздің дистанцияға қарайтын үш көпір бар. Бөгеттер де көп бізде. Солардың бәрінің қыста қарын тазалаймыз. Көктемнен бастап келесі жылға жаңарту жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, тазалықтан бөлек, имараттарды сырлау, әктеу, әрлеу жұмыстары жасалады. Кейде ер адамдар жетіспей жатса, біз белгі  беруші де боламыз, кейде босап қалған бұрандаларды да бекіте береміз. Мұнда «Қырқыншы» ПЧМ-нан ауысып келгем. Жұмысым өзіме ұнайды, үйреніп қалдық. Ең бастысы – бір жерде қамалып отырмаймыз, үнемі ашық аспан астында, таза ауада жүресің, – дейді Жанар күлімсіреп. Үш баласы, үш немересі бар Жанар үшін теміржол тұрақты табыс көзі ғана емес, ұйымшыл ұжым, үйреніскен жұмысымен де ыстық. Жас әже бос уақытын немерелеріне қараумен өткізеді. Қарапайым ғана теміржолшы келіншек үшін жұмыстың еш ауырлығы жоқ. Себебі, жалғызбасты ана балаларын оқытып, жеткізу үшін қандай ауырлықты болса да көтеруге дайын. Бүгінде бір ұлы мен қызы теміржол саласында білім алуда. Балаларына бұл өмірде қиындықтан қашпай, қандай жұмыс атқарса да мінсіз орындауды әдетке айналдыру керектігін айтып отырады. 

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды