Бизнесті трансформациялау жобалары таныстырылды
Жаңалықтар
02.08.2016, 17:24
Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Ұлттық компания қазіргі таңда бағдарламаның 3-ші кезеңі бойынша жұмыстарды бастады. Бұл туралы 29 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Компаниядағы бизнесті трансформациялаудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру жобасының тұсаукесер рәсімі негізінде өткен ақпараттық күнде айтылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Еркін Жусанбаев ашып жүргізген жиында бағдарламаны жүзеге асыру тобы мен жоба жетекшілері өздерінің атқарған жұмыстарын, алда тұрған міндеттерін, негізгі атқарылатын шараларды баяндады. Ақпараттық күннің бағдарламасына сәйкес аталған Бизнесті трансформациялау бағдарламасының менеджері Талғат Иманов жобаның портфелін ұсынғасын бірнеше жоба бойынша жетекшілер кезек-кезегімен мінберге көтеріліп, слайдтар арқылы өз жобаларын таныстырып өтті.
Алғашқы баяндалған ««ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру» тақырыбындағы жоба туралы «Маркетинг, сату және көліктік қызмет көрсету, өндірістік қауіпсіздікті басқару» бағытының жетекшісі Валерий Гайнутдинов айтып берді. Жоба мақсаты – қауіпсіздікті басқару жүйесін жаңарту, релевантты үдерістер мен қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін рәсімдерді анықтау, қауіпсіздікті басқару жүйесіндегі тиісті атқаратын рөлдеріне үйрету. Жобаның қауіпсіздік мәдениеті деңгейін көтеру, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды болдырмау, тосын оқиға бола қалған жағдайда дер кезінде және тиісті шаралар қабылдау бойынша ұдайы талдау жүргізу, апаттардан кейінгі операциялық тұрып қалулар мерзімін қысқартуға қол жеткізу жағынан пайдасы бар.
Екінші «Негізгі қаражаттарды басқару үдерісі мен тәсілдерін енгізу» жобасын таныстырған «Активтерді басқару» тобының жетекшісі З. Шопановтың айтуынша, жоба мақсаты – технологиялық активтерді тиімді және нәтижелі басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет мәліметтер, бағдарламалық қамтамасыз ету, ережелер, тиісті әдістер, негізгі құралдар тағы басқаларын басқарудың кешенді жүйесін енгізу. Бұл жобаның пайдасы – компания тобында активтерді басқару үдерісін автоматтандыру және жүйелендіру, активтерді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын құру.
«Жеткізілім тізбегін басқару және сатып алумен қамтамасыз ету» бағытының жетекшісі Г. Аманбаева «Жеткізілім тізбегі тиімділігі үшін басқару тәжірибесін енгізу» жобасын таныстырды. Жобаның көздегені – санаттық сатып алу стратегиясын жасауда тәжірибелік дағдыларды енгізу, пилоттық жоба негізінде Құбыр желісін таңдау санаттары үшін көп факторлы жеткізушіні анықтауды енгізу арқылы тендер өткізу. Сонымен қатар қойма шаруашылығының оңтайлы құрылымын жасап, материалдық ағынға оңтайлы жол табу. Сатып алуды басқаруды ішінара санаттар бойынша енгізу 4 жыл ішінде шығынды 26,7 млрд теңгеге оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ актив қаражаты мен иелік етуге қатысты компания шығындарын оңтайландырады.
Келесі жоба – «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығын құру» деп аталды. Ол туралы баяндаған «Қаржыны басқару» бағытының жетекшісі Берік Тыныштықбаев жоба мақсаты – бухгалтерлік, салықтық және кадрлық есептерді енгізу бойынша барлық транзакциялық қызметтерді бүкіл үдерістер мен қызметтер стандартталып, орталықтандырылатын және біріктірілетін Көпфункцоналды қызмет көрсету орталықтарына ауыстыру екенін түсіндірді. Бұл жобадан соң ескішілдікке негізделген операцияларға, ИТ инфрақұрылымдар мен ИТ жүйені енгізу және қолдауға шығындарды қысқарту, қателіктер санын азайту, шешім қабылдау үшін қажет ақпараттар сапасын, бизнес үдерістер тиімділігін арттыру, үдерістердің орындалу мерзімін қысқартуға қол жеткізілмек.
Адам ресурстарын басқару департаменті директорының міндетін атқарушы А. Ермұханова «Меритократия принципін енгізу» жобасының мақсатына тоқталғанда, оның іздеу және таңдау бойынша үдерістерді енгізу есебімен персонал сапасын, оларды бағалау, таланттарды басқару, сыйақы беру сапасын, компания қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Бұған қоса жоба арқылы HR бизнес үдерістерінің тиімділігін персонал сапасын арттыру есебімен күшейту көзделген. Соның арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізетін жоғары білікті жұмысшылар мен қызметкерлер саны артпақ. Жұмысшылардың белсенділігі күшейіп, инновация мен білім жетіле түспек.
«Маркетинг және сауда» тобының жетекшісі О. Бәкіров «Маркетинг және сауда тәжірибесін енгізу» жобасы жайлы айтып, оның мақсаты нарықты саралау, қызмет/өнім портфелін дамыту, сауда және тұтынушыларды дамытуды ұйымдастыру, Компания өнімі/қызметін нарыққа шығару, ұсынылатын қызметтің сапасын бағалау және мониторингтеу арқылы стандартталған жаңа үдерістер мен тәсілдер, маркетинг, сауда құралдарын енгізу болып табылатынын жеткізді. Бұдан қандай пайда түспек? Көп пайда келтіретін нарықтық мақсатты саралауды дұрыс анықтауға, нарық сұранысына жауап беретін инновациялық өнмідерді жасап, дамытуға, тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығы және сауда құрылымын құруға, жоғары сұраныс қалыптастыра отырып өнім/қызметті орнықтыру және жүргізу қабілеттілігіне, тұтынушылармен өзара ынтымақтастықты дамытуға қол жеткізілмек.
Ал «Жоспарлаудың біріктірілген жүйесін жасау және енгізу» жобасының мақсаты – бюджеттік басқарудың тиімді және икемді құралдарын жасап шығару. Жоба жайлы баяндаған «Басқармалы есеп» тобының жетекшісі К. Жүсіпова жоба тиімділігін айтқанда, негізгі ресурстарды кешенді басқару, пайдасыз үдерістер мен операцияларды бағалау мен бақылау және оларды уақытында анықтау, Компания бизнесі табыстылығын арттыру бойынша нақты шаралар жасау мүмкіндігі туатынын айтты.
Бұдан соңғы жоба – «Тәуекелді басқару бойынша біріктірілген тәсілдерді енгізу» деп аталып, ол жайында «Тәуекелді басқару және талаптар сәйкестігі» тобының жетекшісі Анастася Маленко баяндады. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы тактикалық, стратегиялық және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туып, тәуекелдерді болжау және азайтуға, теміржол қызметін нарыққа шығару мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасалады.
Мәліметтерді басқару және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ержан Маханов «Мақсатты ИТ сәулет өнері және үдерістерді автоматтандыру туралы» жобаға тоқталды. Бұл - компанияның бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру, ақпараттық технологияларды стандарттау, қолданбалы жүйені көшіріп қайталауды азайту, ақпаратты мейлінше тиімдірек пайдалануға қол жеткізуді көздейтін жоба.
Райхан Рахметова
Астана
Жолаушылар тасымалы
29.04.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 3 млн-нан астам жолаушы тасымалданды
Әлемде
29.04.2026
АҚШ өткелдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1,1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмек
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржол өткелдерінде орын алған жол-көлік оқиғалары саны азайды
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржолды кесіп өткен 18 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
Жаңалықтар
27.04.2026
«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді