Құрмет пен қошемет

Жаңалықтар
13.03.2018, 17:30
Шымкент бөлімшесінің басшылығы қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен  құттықтап, лайықты құрмет көрсетті.  –  Сіздерді көктемнің алғашқы жарқын мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн біз үшін ізгіліктің, мейірім мен махаббатың салтанат құрған шағы. Себебі, әрбір әйел гүлдей құлпырып, адам өмірін мәнді етеді. Елбасымыз өз сөзінде  әйел затын ана ретінде, өмірлік жолдас пен қыз ретінде ерекше сыйға бөлеп, «әйелдер отбасының ғана емес, мемлекеттің де тірегі» екенін орынды ескертеді. Біздің ұжымда да ер азаматтармен қатар еңбек етіп, ауыр жұмысты еңсеріп жүрген қыз-келіншектер баршылық. Бәріңізге алғыс айта отырып, отбасыларыңызға береке тілеймін! – деген бөлімше директоры Ермекбай Ерманов еңбегімен дараланған бірқатар әйелдердің атын атап, көпге үлге етті. Бірқатар қыз-келіншекті «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатпен» марапаттады. Сонымен қатар, күнделікті мекеменің іші-сыртын тазалап, көзге көрінбейтін, бейнеті ауыр, қайыры аз жұмыс жасайтын әйелдердің еңбектеріне арнайы рахмет айтып, қаржылай сыйлық берді. Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Оңалов та өз кезегінде бөлімше атынан оншақты әріптес қыз-келіншекке «Құрмет грамотасын» тапсырды. Марапатталғандардың қатарында Айгүл Жорабаева, Айнұр Оңғарбаева, Ақнұр Жантасова, Ләззат Керімбердиева, Зияда Құрбанова, Ғалия Оразова сынды өз ісінің мамандары бар.   Ақтөбенің теміржолшы жігіттері осы жолы сәл де болса креативке ерік берген сыңайлы. Ақтөбенің қақ ортасында орналасқан теміржол ғимаратының мәжіліс залына кірген қыз-келіншекті жағалай тұрған ер азаматтар бір тал гүлмен қошеметтеп қарсы алып жатты...   Мерекелік салтанатты жас теміржолшылар әзірлепті. Бөлімше  басшылары мен  кәсіподақ комитеті, ардагерлер кеңесі төрағалары қыз-кліншектер қауымын мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді. Салатантты шараға тек  облыс орталығында ғана емес, бөлімшеге қарасты станция-разъездерде  ер азаматтармен қатар еңбек етіп, теміржолдың табысына үлес қосып жүрген  теміржолшы әйелдер арнайы шақырылыпты.  «Ұжымдағы ер азаматтардың атынан барша аруларымызды көктемгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүздеріңізден ешқашан күлкі кетпесін! Өмірлеріңіз әрқашан қуанышқа толы болсын!», – деді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев. Бөлімше басшысы өткен 2017 жылды өңір теміржолшылары жақсы көрсеткіштермен аяқтағанын айта кетті. «Жүк айналымын 127 пайызға, жүк тиеуді 120 пайызға орындадық. Жалпы көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға артып отыр. Осы жылдың алғашқы екі айында да көрсеткіш көтеріңкі.  Мұнда  әйел азаматтардың да еңбегі зор», – деді Бөріхан Беркімбаев. Айта кетейік, бұл күні нәзікжандыларға мекеме басшылары түрлі сый жасапты. Бірқатар мекемеде арулар құрметіне дастархан жайылса,  енді бір мекемелер әйелдерге түгел Қайрат Нұртастың концертіне билет алып берген. Ал, кейбірінде оларды бұл күні жұмыстан босатып, орындарын ерлер алмастырған.   Маңғыстау теміржолының  құлпырған қыз-келіншектері өздері үшін арнайы ұйымдастырылған кештің қонағы болып, "Жайдарманды" тамашалады. Одан соң барша ару жандар құрметіне теміржолшы жастардың "Аралас-құралас", "Темір тұлпар" командалары мен Ақтау көлік колледжінің студенттерінен құралған топтар ойын көрсетіп, бөлімше директорының кубогын өзара сарапқа салды. Кубок болашақ теміржолшыларға  бұйырды. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нәжімеден Ғұбашов: "Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күні нығайып, әлем таныған абыройына жетулеріне асыл аналарымыз бен ардақты апаларымыздың, аяулы қарындастарымыздың өлшеушсіз үлес қосқандығы ақиқат. Соның бір дәлелі Бейнеу станциясының аға тауар кассирі Амангүл Әбдірахманова мен Қарақия станциясының жетекші кассирі Раушан Хасановалар 7 наурызда Астанада өткен салтанатқа қатысып, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ  президенті Оралхан Құлақовпен кездесті ", – деп атап өтті.  Сонымен қатар, еңбегімен көпке үлгі болып жүрген бір топ қыз-келіншектер аты аталып, құрмет көрсетілді. Олардың қатарында  вагон депосының жұмысшысы Орынгүл Шарауова, вагонның жетекші есепшісі Дәметкен Мақсумова, жүк тасымалы бөлімшесінің пошта экспедиторы Эльянура Мұқашева, бөлімшенің өндірісті қамтамасыз ету секторының бастығы Алтынай Алайдарова, вагон депосының диспетчері Жансұлу Дүзмағанбетовалар бар.  

Шахида Жұман

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

   
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл