Цифрландыру – рельс өндірісінде

Жаңалықтар
16.03.2018, 16:13
Оқуға 2 мин
Ақтөбеге жұмыс бабымен келген ҚР Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев өңірдегі инновациялық өндіріс орны рельсарқалық зауытында болып, кәсіпорынға цифрландыру жүйесін енгізу жобасымен танысты.    Зауыт басшылығы Үкімет басшысы орынбасары мен облыс әкімі бастаған ресми делегацияның рельс өндірісімен таныстырып,  шикізатты жоғары температурада қатты қыздырып, рельс дайын болғанға дейінгі аралықты егжей-тегжей түсіндіріп, іс жүзінде көрсетті.   Зауыт құрылтайшыларының бірі Марат Ибрагимов  өндірістегі заманауи жаңашылдықтармен, толықтай автоматтандырылған үдеріспен таныстыра келіп,  цифрландыру элементтері Ақтөбе рельсарқалық зауытында әлдеқайда енгізілгенін паш етті. Сонымен қатар отандық рельске бүгінде алыс та жақын шет мемлекеттерде сұраныс артып отырғанын, өткен жылдың өзінде көршілес Ресей теміржолдарына Қазақстанның рельстері жөнелтіле бастағанын жеткізді.   Қонақтар дайын болған рельс өнімдерін соңғы сатыда тексеретін зертхана жұмысымен де танысып шықты. Мәжіліс залында өткен жиында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев өндірісті цифрландыру бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. «Бүгінде Ақтөбе облысында қызмет көрсету, білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, т.б. салаларда цифрландыру жұмыстары белсенді түрде қолға алынып келеді, рельсарқалық зауыты сынды инновациялық өндіріс орындары  цифрландыру стандартымен жұмыс істейді. Жалпы, биыл кем дегенде 25 кәсіпорынды қайта жаңғыртып, цифрландыруға 38 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз», – деді Бердібек Сапарбаев.  Өз кезегінде, Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының цифрландырудың тиімділігін қарапайым мысалдармен нақтылау қажеттігін атап өтті. Вице-премьер цифрландырудың не үшін керектігіне тоқталды, көптеген оң нәтижеге цифрландырудың арқасында қол жеткізуге болатынын нақты мысал мен болжам арқылы баяндады. «Жалпы, өнеркәсіпті цифрландыру, экономикасының барлық салаларына цифрлы технологияларды енгізу қолға алыну қажет, онсыз өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігі мен сапасын арттыру, әлеуетін арттыру мүмкін болмайды», – деп қорытты сөзін Асқар Жұмағалиев.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды