Ана мен бала бақыты
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің мәжіліс залында «Теміржол» филиалының ұйымдастырумен «Бала бақыты – Ана бақыты» деген тақырыпта көпбалалы теміржолшы аналармен кездесу өтті.
Көпбалалы аналарды қолдау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру, туындаған проблемалық мәселелерін тыңдау, оны шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамды жұмылдыру мақсатында өткен шараға көпбалалы отбасында тәрбиеленген 6-10 жас аралығындағы балалар да қатысты.
Кездесу барысында көпбалалы аналардың проблемалары да сөз болып, оның шешілуіне ықпал жасалу жұмыстары назарға алынды. Теміржолшы аналар балалары өз қолдарымен дайындаған туындыларын тамашалап, өнерімен өрге жүзген төрт балаға «Ертегі әлеміне саяхат» кітабы сыйға тартылса, шойынжол саласында ерлермен қатар жұмыс жасайтын бірқатар көпбалалы аналарға Алғыс хаттар табысталып, қаржылай көмек жасалды.
Сондай-ақ, «Теміржол» партия филиалының ұйымдастыруымен өткен тағы бір шара айрықша қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған теміржолшы-аналардың бастарын қосып, оларға да демеу болды.
Мерекелік шараға «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен филиалдың Саяси кеңес мүшесі, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиал төрағасы Өмірбек Жүсіпов және тағдырларын болат жолмен байланыстырған аналар қатысты. Олар отбасында айрықша қажеттіліктері бар балаларының жағдайларын айтып, мүмкіндігінше олардың қоғамнан тыс қалмауына көмек қолын созып, отбасына түскен салмақты бөлісуге атсалысып, қолдау жасап отырған жандарға алғыс айтты.
Шара барысында аналарға құрмет көрсетіліп, балаларының денсаулықтарына қатысты көмек, жеңілдіктер сөз болды. Таудай тауқыметті арқалап, түн ұйқыларын төрт бөліп, үйге де, түзге де үлгеріп отырған аналарға алғыс айтылып, мерекелік шәй сервизі мен гүл шоқтары табысталды.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды