Теміржолдың наны тәтті

Жаңалықтар
20.03.2018, 17:15
Оқуға 3 мин
«Интернаттың наны» деген жазушының әңгімесі естеріңізде ме? Сыр өңірінде әлі күнге «теміржолдың наны тәтті» деген сөз бар. Мұны екі мағынада түсінуге болады. Жалпылама теміржолда еңбек етіп тапқан табысыңның баянды боларын меңзесе, тура мағынасындағы түсінік кәдімгі бөлке нанмен байланысты... Кезінде ОРС – жұмысшыларды жабдықтау бөлімі деген болды. Жол бойындағы теміржолшы халықты қажетті азық-түліктен бастап шаруашылық заттар, барлық керек-жарақпен қамтамасыз ететін осы мекемеде нан пісіруші болып 25 жыл еңбек еткен Айтжамал апа пісірген ерекше дәмді, үгітілмейтін, құнарлы әрі салмағы ауыр – 750-850 грамм көлемінде болған нан көзкөргендердің әлі есінде. «Нанның қалыбы пештен толып шығатын, керемет тәтті, бір нанға бүкіл отбасы тоятын берекелі болатын...», – деп еске алады апаның замандастары. Ширек ғасыр ас атасы нан пісірген Айтжамал апаның еңбек кітапшасына: «ОРС НОД наубайханасының нан пісірушісі» деген бір ғана жазу бар. 1965 жылдан бастап бел жазбай еңбек етіп жиырма бес жылдан кейін Құрметті теміржолшы, Еңбек ардагері атанып, құрметті зейнеткерлікке шығыпты.    – Теміржолдың наны мен үшін тәтті болды. Күн-түн деместен жұмыс жасадық. Өйткені, таң ата пісірген нанды ыстықтай вагон лавкалармен жол бойындағы станция-разъездерге жөнелтетін. Пешке салған нанның бабында тәтті болып пісуі үшін кірпік қақпай пеш жанында күзетіп тұратынбыз. Ауысыммен жұмыс жасайтын аз ғана адам жұмыстан қайтқан кезде белімізді жаза алмай қалатынбыз, сонда да жеп отырған нанымыз болған соң жұмыстан шығып қалмайық деп  шаршағанымызды ұмытып, бір күннен соң тағы шығамыз.  Пешке салған нанды сағатқа қарап отырып бір күнде 7-8 мың нанды 8-9 адам пісіретінбіз, – дейді өткен күндері жайлы әңгімелеген Айтжамал әжей. Осындай ерен еңбегі еленіп, қарапайым наубайшылар арасынан алғаш рет Құрметті теміржолшы атанған Айтжамал апа сол кезде ол жерде еңбек ететіндерге талап қатал болғанын еске түсірді. Наубайханадағы нан пісірушілер, ұн мен нан таситын жүкшілер тегіс әлсін-әлсін дәрігерлік тексеруден өткізіліп, олардың гигиеналық тазалығы мен жұқпалы аурумен ауырып-ауырмағандығы арнайы тексеріліп отырған екен. – Ол кездің дәрігерлеріне қойылған талап сондай қатал ма, әйтеуір дәрігерден жұмысқа жарамды деген қағаз алу қиын болатын. Жұмысымызды бақылайтындар да көп болатын. Пешке салынатын көмір де өлшеммен салынады, пештегі нанды да сағат-минутпен салып-алу керек. Әрине бір салғанда бірнеше жүз нанды бір-ақ саламыз, егер бірнеше минут кеш шығарсаң, бүкіл нан күйіп, бар еңбек далаға кетеді. Ондай да жағдай болған, – дейді ауыр бейнетпен өтсе де наубайхана пешінен нан шығарған жылдарын сағынышпен  еске алған «Еңбек ардагері» және «Ана даңқы» медалі мен Құрметті теміржолшы төсбелгісінің иегері Айтжамал Жолдықұлова. Кезінде теміржолшыларға қызмет еткен сол наубайхана әлі де жұмыс істеп тұр. Тек қолданыстағы нан пісіру құрылғылары заманауи технологиямен алмастырылған. Ас атасы тұтынушылар дастарханына ұсынылуда.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды