Қауіпті жүктерге – қатаң тексеру 

Жаңалықтар
28.03.2018, 16:24
Оқуға 1 мин
Соңғы кезде ел теміржолы бойынша цистерна бөлшектерінің тесілуінен болмаса дұрыс жабылмауынан бензиннің ағып кетуі екі рет орын алды. Күн жылынып, жер қарайғалы мұндайда оттың тұтануы оңай. Сондықтан, наурыздың 12-сінен бастап Шымкент ЖТ филиалында «Цистернадағы қауіпті жүктерді бақылауды күшейту» айлығы жүруде.  – Бізде «Нұрайыл», «Оңтүстік мұнай сауда», «Б.Е.Б. Ойл» сынды мұнай-газ өнімін жанармай құю бекеттеріне тасымалдайтын мекемелер негізінен солярка мен бензин түсіреді. Сондықтан, кейде бос жолдарда жөнелуін күтіп тұрған сұйық отын тиелген цистерналарды, оларды құйып алатын кірме жолдарды қадағалаймыз. Бұл бағытта Шымкент мұнай өңдеу зауытының маңындағы Текесу мен Қазығұрт бекеттерінде, вагондарды жуып, шаятын ППС мекемесінде тексеру жұмысы қатаңдатылуда. Майды цистернаға құйған соң, қақпағына дейін қарап шығады. Егер жазатайым ағып кетсе, оның зардабы қиын, жанып кетуі, жарылыс болуы мүмкін. Пойыздар тоқтатылып, вагондар ағытылады, – дейді Бадам бекетінің бастығы Серік Елмұратов.   Айлық аясында  Павлодар, Атырау, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарына, вагондарды жуып, булайтын ППС станциясына жіті назар аударылып, қадағаланбақ. Өйткені, вагондарды жуып-шайып жатқанда суы ағып, жарамайтын жері анық байқалады. Зауытқа берген кезде тағы тексеріледі. Тіпті, бір бұрауы кем болса да, сұйықтық тамшылауы мүмкін.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды