Өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда
Өткен жылды жақсы көрсеткішпен қорытындылаған Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорыны үшін ағымдағы жыл да табысты болғалы тұр. Ұлттық компания тарапынан тапсырыс артып, соған орай жұмыс көлемі артып отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында кәсіпорынға басшылыққа келген Бақтияр Түлеков өндіріс жайын сөз етті.
– Өндіріс көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқаны рас. Өндіріс артып жұмыс көбейген соң соған сай жұмысшылар қатарын да арттырып отырмыз. Бұған дейін кәсіпорында 272 адам еңбек еткен болса, бүгінгі таңда кәсіпорында бүгінгі күні 291 адам тер төгуде. Дәл қазір алдағы көктемгі комиссиялық байқауға дайындық басталып кетті. 7 ПРСМ техникаларын толық жұмысқа қостық. Ол техникаларда вахталық әдіспен 80 адам еңбек етеді. Еліміз бойынша әр нүктелерде жұмыс жасап жатыр. Аймақта төрт техника он күн болды жұмысын бастады. Қалған техникалар өзге дистанцияларда жұмыс жасап жатыр. Дегенмен, 1 ПРСМ техникасын күрделі жөндеу жұмысына қоймақпыз. Оның техникалық қызмет көрсету мерзімі аяқталып келеді. Және екі рельс бастарын тегістеу, татын қыру және өзге де техникалық қызмет көрсететін екі трактор бригадасы да екі ауысым бойынша жұмыс жүргізіп отыр.
– Биылғы меже қай шамада белгіленіп отыр?
– Биыл жоспар бойынша 279 жаңа рельс дәнекерлеуіміз керек. Бұрынғы пайдаланудағы рельстерді дәнекерлеу бойынша 88,6 км жоспарымыз да бар. 25 метрлік рельспен жөндеу жұмыстарына 15 км беріп отыр. Жұмыс көлемді, жоспар ауқымды. Барлығы биылғы жұмыс көлемі 382,6 км рельс дәнекерлеу керекпіз. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, өткен жылғы жоспарымыз 252 км болатын. Бірақ ұзатылған жылы 256 км жұмыс жасадық. Яғни межелі жоспарды асыра орындадық. Ал бүгіннің өзінде биылғы меженің есебінен 66 км орындадық. Рельс бізге Ақтөбе рельс зауытынан тасымалданады. Яғни Ақтөбеден 100 метрліктен 200,7 км, 25 метрліктен 27,1 км келу керек. Кәсіпорында ұзындығы сегіз жүз метр рельс тасымалдайтын екі платформа бар. Қазір тағы да бір осындай рельс тасымалдайтын платформа дайындау жөнінде тапсырма түсіп отыр. Оны сәуір айының соңында іске қосамыз деген ойымыз бар. Өйткені, бұл «рельсовоз» арқылы еліміздегі ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүрген дистанцияларға рельс тасымалданатын болғандықтан аса құнды болып отыр.
– Биыл кәсіпорынның құрылғанына отыз жыл толыпты. Өндірістің басты ұстанымы қандай?
– Ұстанымымыз, әрине, ең алдымен табыс. Бірақ оған жетудің өзіндік қыры мен сыры, ұстанымы аз емес. Негізінен біздің кәсіпорын стационарлық болғандықтан, жұмысшылардың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру мен еңбекті қорғауда да нұсқаулықтарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, жұмысшылардың асханасы мен демалыс орындарын өз күшімізбен жөндеп жатырмыз. Сонымен қатар жыл сайын мамандардың біліктілігін арттыруға баса назар аударып отырамыз. Былтыр Астана қаласындағы орталықта16 адам біліктілігін көтерсе, биылғы жоспарымыз да осындай. Қазір сегіз адам біліктілігін көтеруге жіберілді. Ал қаласындағы оқыту орталығында өткен жылы сексен маман оқыса, биылғы меже де сондай. Демек, табысқа жетудегі басты ұстаным – адам капиталы деп ой түюге болады.
– Өндірісті жаңарту мен жаңғырту да табысты еселей түсері анық.
– Әрине, өз-өзін сыйлайтын кез келген кәсіпорын басшысы уақыт көшінен қалмай тек жақсы дүниеге ұмтылуы қажет. Біз, мысалы, биылғы жылы екі дәнекерлеу апаратына тапсырыс бердік. Оның біреуі жақын күндері келіп қалады. Ал өзімізде жұмыс істеп тұрған украиндық К1000 дәнекерлеу апараттарының жұмысы тұрақты, қызметінде мін жоқ.
Ерман Әбдиев, Луговой
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды