Луговойға да кезек келді    

Жаңалықтар
28.03.2018, 16:52
Оқуға 2 мин
Жамбыл теміржолына қарасты аймақтағы ірі вокзалдың бірі – Луговой вокзалы келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Расында, сонау 2003 жылы ауданда болған күшті жер сілкінісінен соң қирап бүлінген вокзалды теміржолшылар күрделі жөндеуден өткізгенннен бергі аралықта жеңіл-желпі косметикалық әрлеу жүргізілгені болмаса үлкен жөндеу көрмепті.  Бұл жайында Луговой вокзалына жаңадан басшылыққа келген жас маман Данияр Райқұлов айтты. Үшінші санатқа жататын вокзалдың әлеуеті жоғары. Оның үстіне кезінде Түрксіб теміржолы бастау алған нүкте болған тарихи жер болған соң маңызы да ерекше. Вокзалдың дәл алдында келген-кеткен пойыздар легін қарсы алып-шығарып салып, Тұрар Рысқұловтың қоладан құйған құрыш мүсіні тұр. Бүгінде Луговой вокзалынан күнделікті 16 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Вокзал түйіспелі станцияда орналасқандықтан аптасына бір рет Бішкек-Мәскеу жолаушылар пойызы да өтеді. Сонымен қатар ағымдағы жылы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі вокзал шаруашылығының қолдауымен вокзалға бейнебақылаулар орнатылмақ екен.  Вокзал бастығынынң  айтуынша, бұл вокзалдың қауіпсіздігін арттырып,  оның қызметкерлерімен қатар күзет  және желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жұмысын едәуір жеңілдетпек –  Бүгінде вокзал аумағындағы иесіз қоршауларды ретке келтіріп, тазалықпен қатар жабайы сауда орындарымен күрес жүргізіп келеміз. Бей-берекетсіз жабайы сауда пойыздар қозғалысына үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, вокзал аумағындағы сауда нүктелерін жалға алып отырған кәсіпкерлермен бірнеше рет арнайы кездесіп, олаоды келісіп жұмыс істеуге шақырдық.  Жергілікті билікпен де тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз. Жергілікті  желілік ішкі істер басқармасының мамандары да тәптіп және реттілік жағынан көп көмек беруде. Вокзал аумағындағы тазалық шараларына барлығы үн қоссын деген ниетпен арнайы билбордтарға да тапсырыс бердік. Осы айда қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы рейд жүргізіліп, бірқатар жоспарлы шаралар белгіленді,  – дейді Данияр Райқұлов. Бүгінгі күні вокзал қызметкерлері қыстың құрсауынан босап, алдағы көктемгі комиссиялық байқауға дайындық шараларын қолға алыпты.   

Ерман Әбдиев, Луговой

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды