Бейнеттің зейнеті бар

Жаңалықтар
28.03.2018, 17:05
Оқуға 2 мин
Бақытжан Қабиевті теміржолшылар қауымы іскер азамат ретінде таниды. 17 жыл бойы Ақтөбедегі «Теміржолсу» мекемесін басқарған оны ұжымы  наурыз мерекесі қарсаңында  құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Осы жылдар ішінде өзін білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде көрсете білген Бақытжан Мұсаұлы «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-ін  талай рет  үздіктер қатарынан көрсете білген екен. Компания басшылары бір жылдары Ақтөбеде республикалық семинар ұйымдастырып, олардың тәжірибесін басқаларға үлгі еткен. Мекеменің кадрлар бөлімінің басшысы Гүлжан Көптілеуова бастаған ұжымдастары Бақытжан Қабиевке жылы лебіздерін жеткізіп, ендігі уақытын  өзіне арнағысы келген жанға денсаулық, берекелі де мерекелі ғұмыр тіледі.  Бақытжан Қабиев Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген. «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-ін  басқарған жылдар ішінде оның басшылығымен  атқарылған шаруалар шаш етектен. Соның ішінде Қандыағаштағы жылу трассаларын қалпына келтірген, шеберхана мен су өткізу желілерін жөндеуден өткізген, Атыраудағы теміржол мекемелерінің су құбырларын ретке келтіріп, көптеген разъездердегі желіні жаңартқан, Мұғалжар ауданындағы Жұрын станциясының су мұнарасына күрделі жөндеу жүргізген, Саржар ауылының желілерін жөндеген еңбектерін ерекше атап айтуға болады.  Теміржол саласында соңғы жылдары іске қосылып жатқан жаңа тармақтар бойынша да көптеген іс тындырылды. Ең бастысы, осы салаға маманданған тәжірибелі жандардан құралған ұжым қалыптастыра білді.  Теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Бақытжан Мұсаұлы 2014 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрінің  және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің  Алғыс хатын алды.  2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапатталса, 2017 жылы «Адал еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды