Байланыс бабында болса…
Бөлімшенің Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы телім бойында сигнализация және белгі беру құрылғыларының кідіріссіз жұмысымен жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы қаңтар айында 20215 пойызды, ақпанда 19088 жылжымалы құрамдарды КТСМ-02 құрылғыларымен бақылаудан өткізген.
Жылжымалы құрамаларды техникалық ахуалын жүріп келе жатқан сәтінде автоматты түрде бақылаудан өткізетін КТСМ-02 құрылғысы бөлімшенің он үш станциясында орнатылған екен. Автоматты құрылғылардан ақпан айында бақылаудан өткен құрамалардың ішінде бірі букстың қызуынан, екіншісі тежегіш әсерінен тек екеуі ғана тоқтатылған.
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық бөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова дистанциялықтардың жыл басынан бергі екі ай ішінде атқарған жұмыстары жайлы ұсынған мәліметтер дистанциялықтардың өз міндеттерін кәсіби дәрежеде атқарып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді. Екі ай ішінде пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде теміржолшылар тарапынан ешбір ақау орын алмаған.
– Біздің дистанцияның теміржолшылары қаңтар мен ақпан айларында қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларының жұмысында ақау жібермей, қаңтарда 20215 пойызды, ақпан айында 19088 пойызды бақылаудан өткізіп, жылжымалы құрамдардың арасынан құрылғылардың көрсетуімен 2 пойызды тоқтатып, тексеруден өткізгенде, жылжымалы құрамдардың тоқтатылу кінәратын 100 пайыз анықтаған. Тоқтатылған пойыздардың бірі букстың қызуынан болса, екінші құрамға тежегіштің дұрыс жұмыс жасамауы әсер еткен. Ақауына байланысты вагонды құрамнан ажырату жағдайы тіркелмеген, – дейді техникалық бөлім басшысы Ақшагүл Рыстайқызы.
Дистанциялықтар қаңтар және ақпан айларында СОБ және байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасап, құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауын қадағалауда, алайда технологиялық кішігірім кемшіліктер құрылғылардың кінәратының орын алуына әкеп соқтыруда. Мәселен, аталған мерзім ішінде жылжымалы құрамдардың жүйесін тексеретін УКСПС, пойыз вагондарының көлемін бақылайтын КГУ құрылғыларында жұмыстан тыс қалу былтыр да, биылғы екі айда да орын алмаған. Өздігінен жүретін құрамда арнайы КЛУБ-УП құрылғысымен телімдерді бақылау кезінде құрылғылардың жұмыстан тыс қалуы да тіркелмеген екен.
Дистанцияда еңбек өнімділігі жоғары. Қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Және де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар, инженерлік-техникалық іс-шаралар, құрылғыларға ағымдық күтім жасау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде екен.
Мәселен, Тереңөзек-Жалағаш станциялары аралығында нөмірі 9 жарықдиодты модульді бағдаршамның линзалы кешені алмастырылған, Төменарық-Екпінді станциясы аралығында нөмірі 3, 6, 5 және 4 жарықдиодты модульді бағдаршамның линзалы кешені жаңартылған. Сонымен қатар Сауран-Басарық, Шорнақ-Түркістан станциялары аралығындағы жарықдиодты модульді бес бағдаршамның линзалы кешені ауыстырылған.
Қызылорда-Белкөл және Белкөл-Бірқазан станциялары аралығындағы бірқатар релелік шкафтардың ТМ блогіндегі КПТШ трансмиттерлері жаңартылған.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды