БАСТЫ ТАЛАП – ҚАУІПСІЗДІК
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселесі өткір тұр. Осыған орай қоғалыс саласы қызметкерлерінің білімін, кәсіби біліктілігін арттыру және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Вагондарды қауіпсіз тарату» айлығы ұйымдастырылды.
Ұлттық компанияның техникалық саясаты негізінде өткізілген шара барысында бөлімше басшысының төрағалығымен арнайы комиссия құрылып, құрамына директор орынбасарлары, бөлімдер басшылары, қозғалыс қауіпсіздігі қызметкерлері, өндірістік-техникалық бөлім мамандары, қозғалыс ревизоры, локомотив және вагон шаруашылықтары басшылары тартылды. Осылайша, ЖТ бөлімшесі жетекшілерінің желі бойына қызметтік сапарлары ұйымдастырылып, тексеру жұмыстарының жоспарлары жасалынды. Нәтижесінде, күллі бөлімшедегі сұрыптау дөңестерінен таратылатын вагондар бойынша маневрлік жұмыс өндірісінің технологиясы қатаң түрде тексеруден өткізілді. Бұл шара аясында пойыз құрастырушылары мен вагон жылдамдығын реттеушілер, сұрыптау дөңесінің кезекшісі мен операторлары, маневрлік локомотивтер машинистерінің өз міндеттемелерін білу деңгейі, процесс барысында әрекет ету тәжірибесі де сарапқа түсті. Сондай-ақ, қызметкерлердің станцияның сұрыптау жұмысына байланысты регламенттері мен нормативтік-техникалық құжаттамаларын білу, жұмыс істеу біліктілігі де сыналды.
– Осы ретте, Семей ЖТ бөлімшесінің ревизорлары жүргізілген айлық барысының сапасын қадағалауға алып, сұрыптау процесі барысындағы қауіпсіздік талаптарының орындалу барысында бақылап, назарда ұстады. Ал, бұл орайда, қызметкерлер жіберген кемшіліктер қатары бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Яғни, алдағы уақыттарда ақаулықтарға жол бермеу үшін алдын алу жұмыстары күшейтілмек, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті Семей телімінің аймақтық бас ревизоры Сайлау Юсупов.
Қуан ЕРТІС, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды