Әріптеске көмектесу – парыз
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев наурыз айындағы кезекті қоғамдық қабылдауын «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында өткізді.
Қабылдау комиссиясының мүшелері қатарында Қызылорда магистаральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов, Жолаушылар тасымалы «Батыс» филиалы өкілі Асқар Исалин, бөлімшенің персоналмен жұмыс бөлімі басшысы Нұрлан Бимұратов, кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаев және партия филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаевалар қабылдауға тіркелгендердің сауалдарын тыңдап, олардың оңтайлы шешілуін қарастырды.
Бұл жолы өткізілген қоғамдық қабылдауға тіркелгендер арасында өткен жылдың соңында баспанасы өртеніп, далада қалғанда әріптестерінің қамқорлығының арқасында иыққа түскен ауыртпалықтың жеңілдегенін сезінгені үшін алғыс білдіруге келген Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинисі Өмірхан Қариев пен өзі жолсапарда жүргенде үйі тілсіз жаудың құрбаны болған жолсерік Гүлжан Сералиевалар арнайы келіпті. Олар тосын жайдың әсерінен баспаналарынан айрылғанда қолдап көмек берген әріптестеріне, оларға ұйытқы болған бөлімше басшысы Аманкелді Қонысбайұлы Арысбаевқа арнайы алғыс айта келіпті.
– Алты баламмен баспанасыз қалғанымда көптеп көмектесіп әріптестерім жиналып, қол ұшын созуға ұмтылды. Балалардың бәрі өрттен дін аман қалғанының өзі олжа, дегенмен қиын шақта қолтығымнан демеген әріптестеріме мың алғыс, – дейді .
Еске сала кетсек, өткен жылы осындай екі тосын жағдай орын алғаннан кейін, бөлімше басшысы шұғыл кеңес отырысын өткізіп, болған жағдайды таразылап, мекеме басшыларына әркім қарым-қабілетінше көмек беруін өтінген болатын. Нәтижесінде қалыс қалған ешкім болмады, аймақ теміржолшылары 680 000 теңге көлемінде қаражат жинап, ол қаржы үйсіз қалған екі әріптестеріне теңдей бөлініп берілген болатын. «Көп түкірсе – көл» деген осы.
Бұл жолы да түрлі әлеуметтік сұрақтармен қоғамдық қабылдауға келгендердің өтініштері тыңдалып, олардың жағдайға қарай шешілу жолдары қарастырылды.
Қызылорда теміржолы басшылығының қоғамдық қабылдауды дәстүрге айналдырғаны халықтың да көңілінен шығып отыр.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды