Құрт ауруымен күрес
Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ақпараты бойынша 2017 жылы облыста 363 туберкулез ауруы тіркеліп, соның ішінде көліктегі жұмысшылар арасында, яғни «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарына қарасты мекемелерде құрт ауруының 2 дерегі кездескен.
Бұл арқаны кеңге салатындай жағдай емес. Өткен жылы теміржолшыларда құрт ауруымен аурушаңдық деңгейі артпаған, бірақ азаймаған да. Салыстырмалы мерзімдегі сан сақталған. Сондықтан Маңғыстау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында туберкулез ауруларына қарсы күрес туралы іс-шара жоспарын жасақтап, қажет жұмыстарды жүргізуде екен.
– Анықталған науқастармен қарым-қатынаста болған қызметкерлердің тізімі алынып, олардың 3 жылдық флюорографиялық қорытындыларын қарап шықтық. Және барлық жұмысшылардың уақытылы тексеруден өтуі қадағаланып, флюорографиялық бақылауда болғанына жарты жыл толған жұмысшыларды қайта өткізу жөнінде санитарлық нұсқамалар берілді. Сырқатқа шалдыққан теміржолшылар бүгінде өз орындарында жұмыс жасап жүр. Олар диспансерде қажет ем-домын алып, емделіп шықты, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ағзия Темірқасова.
Оның айтуынша, басқарма дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай тағы да біраз шараларды ұйымдастырыпты. Теміржол мекемелері қызметкерлерінің, әуежай жұмысшыларының медициналық бақылауымен айналысушы мамандармен семинарлар өткізген. Сондай-ақ арнайы дәрістер оқылып, туберкулезден сауықтыру туралы парақшалар таратылған. 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес салауатты өмір салтын құру, белгіленбеген жерден темекі тартуға тыйым салу, темір жол, әуе көлігіндегі жұмысшылар арасындағы жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оның мониторингі бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылған.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды