«Жас өркен» – жастар мүмкіндігі

Жаңалықтар
03.04.2018, 14:36
 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңадан жұмысқа тұрған жастарға немесе теміржолшылардың отбасындағы балаларына, яғни  еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарын  2016,  2017,  2018   жылдары бітірген түлектерге «Жас өркен» тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша байқауға қатысу мүмкіндігі туып тұр. Бұл мүмкіндікті «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы байқауға қатысуға тапсыратын  өтінімдердің қабылдау мерзіміне дейін ұзарту арқылы беріп отыр. Демек, байқауға қатысып, бақ сынаймын дегендерге сәттілік серік болсын демекпіз. Ал, біз «Жас өркен» тағыламдамалық бағдарламасының мақсаты не және ол қатысушыларына не береді?» деген сұрақтарға жауап бермекпіз.      – Бұл алғашқы ұзақ мерзімді бағдарлама және ол бірнеше он жылдыққа арналып отыр. Бұл бағдарламаның мақсаты, алдағы 20-30 жылға алдын ала кадрларды дайындау, яғни, 20-30 жылдан соң топ-менеджерлердің қандай болатынын білу. Міне, бүгін сіздердің алдарыңызда «Жас өркен» тағылымдық бағдарламасының қатысушылары отыр. Кезегі келгенде, олар бағдарлама туралы өз ойларымен бөлісе жатар. Ал бағдарламаға келсек, оны дайындау үшін бірнеше жыл тер төгуге тура келді. 2017 жылдың қыркүйегінде тұсауын кесті. Байқауға қатысуға 600 адамнан өтінім түсті. Төрт кезеңнен тұратын байқау нәтижесінде әлеуеті жоғары деп танылған 20 адам іріктеліп алынып, тағылымдамадан өтуге кірісті. Бұл бағдарлама талабы бойынша, оған қатысушы төрт ірі компанияда тағылымадан өтеді. Мысалы, Айжан есімді қатысушымыз, алғашқы бес айда стажировканы Кегокта өтті, енді Қазпоштада өтіп жатыр, үшіншісін «ҚТЖ» компаниясында, төртіншісін «Самұрық-Қазына» қорында өтуі мүмкін. Ол адам ресурстарын басқару саласында маманданып жүр. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, қатысушылар оның шеңберінде «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің қабырғасында, сондай-ақ, біздің серіктестеріміздің, айталық, Мәскеу академиясында білімін молайта алады» деп бағдарламаның артықшылығымен бөлісті «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Раисова жуырда өткен басқосуда.  Үстіміздегі жылы «Жас өркен» бағдарламасына жаңадан адамдарды жинауға байқау жарияланып отыр. Осыған орай Қор басшылығы үміткерлерден өтінім қабылдау мерзімін 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартып отыр. Және де түлектердің қатысу мүмкіндігі 3 жылға кеңейтіліп, 2016 жылдан басталып отыр. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, барлық стажерларға тәлімгер тағайындалған, бәрінде тең  жағдай жасалған. Үміткер Қазақстанның азаматы және жоғары оқу орнының түлегі болуы тиіс. Мәселен, ағылшын тілін білу міндетті емес. Оны үйренуге болады. Онлайн арқылы тіркеліп, іріктеуден өтуге болады. «Біз Қазақстанның талантты жастарын оқытып, дамытуға дайынбыз. Біздің міндетіміз – стажировкадан сәтті өткен жастарды Қор компанияларына  жұмысқа орналастыру. Биыл да байқауға қатысқан еліміздің резиденттері арасынан 20 түлекті таңдап аламыз. Бізге әлеуеті жоғары, табысты жас адамдар керек. Біз жай ғана ақша табуды ойлаған емес, әрі қарай оқып, дамуды көздеген жастарды іздейміз. Себебі, Отанына деген ниеті түзу адам ғана келешекте қоғамды жақсы жаққа өзгерте алады. Тағылымдамадан өту барысында барлық стажерларға стипендия төленіп, жолақы және тұрған үй-жайларына да төлемақы жүргізіледі. Оларға стажировка үшін, тұратын үй-жайларына және жүріп-тұруларына төлемақы төленеді. Бұл – біздің социологиялық инвестициялар», – дейді Гүлмира Раисова. Тағы бір білгеніміз, егер «Жас өркен» бағдарламасы бойынша байқауға қатысып, ол сыннан сүрінбей өткен үміткер, егер жұмыс істеп жатқан болса, онда ол жұмысымен қош айтысуына тура келеді. Яғни, 20 айлық тағылымдамадан өтіп, Қорға жұмысқа тұрмақ.  Осы бағдарламаның жүзеге асуына ұйытқы болып, бастамашылдық танытқан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тәуелсіз директоры Ричард Эванс, «Жас өркен» бағдарламасының қатысушыларымен өткен кездесуде бұл жобаның жас мамандар үшін практикалық тәжірибе жинауға бірегей тәсіл екенін атап өтті. «Талантты қызметкерлерін үнемі жетілдіріп отырмаса, ешбір компания бәсекеге қабілетті бола алмайды, – дейді Ричард Эванс. – Адам капиталы – бизнестің табысын анықтайтын капиталдың нақ өзі. Сол себепті «Жас өркен» тағылымдама бағдарламасы болашақ үшін маңызды. Бізге адамдарға инвестиция салуды үйрену керек. Ол үшін не істеуіміз керек? Оларды бірте-бірте дамытып, даму құралдарын жаңартып отыруымыз керек. Бұл ұзақмерзімді процесс. Оқу үшін орта құру керек, бизнестің қалай жұмыс істейтінін түсіндіруіміз керек. 28 жастан төмен қызметкерлер үшін компанияда жұмыс істеу жалпы даму кезеңі болмақ. 28-ден 35 жасқа дейінгі мамандар арасында болашақ талантты менеджерлердің қатарын толықтыратындар анықталады және олардың қызметтік сатыларда көтерілуі күшейе түспек. Жұмыс берушілер кәсіби мамандарды іздегенде, оларға «Жас өркен» бағдарламасынан өткен әлеуеті жоғары, өз саласы бойынша үздік мамандар келетін болады».  Ал «Жас өркен» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан жастар не дейді? Ақжүніс Арыстанбек: «Мен бағдарлама туралы Facebook арқылы білдім. Байқау жарияланғанда Қытайда университет бітіріп жатқанмын. Қайда жұмысқа тұрамын деген уайымым да бар еді. «Жас өркен» туралы білгенімде қатты қуандым. Іріктеу процесі қиын болды, 4 кезеңнен тұрды. Байқауға 700-ге жуық адам қатысты, тек 20 адамды таңдап алды. Стажировка басталғанға дейін «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде бір апта, мәскеулік кеңсе Deloitte-де бір апта оқыдық. Әрине, тағылымдама барысында қиындықтар кездесіп жатады. Бірақ, мойымау керек. Меніңше, табыстың 70 пайызы стажердің өзіне байланысты. Қазір мен «KTZ Express»-те стажировкадан өтіп жатырмын. Маған олардың қызықты жобалары ұнайды.   Ернат Әбеуов: Үміткерлерге, әсіресе, аймақтағы қыз-жігіттерге қорықпаңыздар, байқауға қатысыңыздар дер едім. Көбісі, қорға өте алмаймыз деп ойлайды. Шындығында, бәріңізге мүмкіншілік бар. 2017 жылдың стажерларының көбісі аймақтардан. Біз қарапайымбыз, бірақ жарқын болашаққа ұмтылған жасампаз жастармыз. Қорықпай құжаттарыңызды тапсырыңыздар. Қазір бірқатар үміткерлер бізді әлеуметтік желілер арқылы тауып алып, эссені қалай жазу керек, кейсқа қалай дайындалу керек деп сұрап жатады. Біздің кеңесіміз, әрбір кезеңге байсалды шындап дайындалыңыздар.   Айжан Какенова:  Мен Назарбаев университетін бітірдім. Өтінім бердім де, байқаудың барлық кезеңінен өттім. Әрбір кезең біздің біліктілігіміздің сәйкестігін нысанаға алды. Сұхбаттар алды, тестілеуден өттік. Іріктеу әділ өтті. Комиссия тиімді жұмыс жасады. Үздіктер іріктелді, алайда, біздің әрқайсымыздың мүмкіндіктеріміз әртүрлі еді. Менің айтпағым, егер сіз  әлеуеті жоғары, күш-қуаты мол жас адам болсаңыз, онда «Жас өркен» бағдарламасы - сіз үшін. 

Сұлугүл Бакесова

Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде